Бс, 25.04.2024, 05:24
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » Жаңалықтар мұрағаты

5 қараша күні мектебіміздің 2-сынып оқушылары арасында сынып жетекшілер Бейсенкул Шабановна мен Жанар Қаламбайқызы «Абайлаңыз, балалар!» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар жол белгілері туралы тақпақтар және жол белгілерінің атқаратын қызметі туралы айтып өтті.

Осындай іс-шаралар жол белгілерін үйреніп, оның түрлерін ажырата білуге, білгендерін пайдалана білуге тұрақты дағдыға айналдыруға үйретеді. Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай орындауға, өзіміздің шағын аудандағы жол белгілерінің есте сақтау дағдысына тәрбиелейді.

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 695 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 07.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

31 қазан күні мектебіміздің 9- сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру мақсатында Жезқазған политехникалық колледжіне экскурсияға барды. Экскурсия барысында оқушылар колледждің өмірімен және колледжге қандай документ тапсырып түсу керектігімен танысты. Оқушылар колледждегі мамандықтар жайлы толық мағлұматтар алып, іс-тәжірибелік сағаттарға қатысты.

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 359 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 07.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

«Мектепаралық спартакиадасы» облыстық жарысқа іріктеу кезеңін 01-03.11 аралығында «үстел теннисі», «тоғызқұмалақ», «асық ату», «шахмат» Сәтбаев қаласы оқушыларының арасында іріктеу жарысы болып өтті. Мектеп «Мектепаралық спартакиадасы» биылғы жүлделі орындар алып мектеп намысын аспандатып тастады. Мектеп оқушылары «Тоғызқұмалақ» І орын, «асық атудан» ІІ орын иеленді.

 

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 363 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 07.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Қазан айының 29-31 күндері аралығында Төлебаев Джамал, Әділбеков Ноян, Серикова Крестина жетекшілігімен қалалық мектепаралық футболдан жарыс өтті. Мектеп оқушылары жүлделі І орын алды.

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 335 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 07.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

30 қазан күні 5-7 сынып оқушыларының күзгі демалысын тиімді өткізу мақсатында мектебімізге №2 ФАО «Өрт сөндіруші» отрядының нұсқаушысы Атабаева Жұлдыз Ахмедияқызы келді. Оқушыларға өрттің алдын алу, өрт болып жатқан жағдайда сақтану шаралары жайлы ақпараттар берді. Өрт – адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зияны тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін,тілсіз жау. Оқушыларды өрт сөндіруші заттар мен автоматты өрт сөндіру құралдарымен таныстырды. Өрт болған жағдайда өрт сөндіру құралдарын қалай пайдалану керектігін көрсетті. «Өрт қауіпсіздігі» туралы бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар өз ойларын айтып,сұрқтар қойды. Оқушыларға «Өрттің алдын алу» атты үндеу парақшалары таратылды. Оқушылар өздеріне керекті құнды мәліметтер алды.

  

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 386 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 07.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

31 қазан күні Қ.И.Сәтбаев атындағы химия пәнінен 8-9 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада өтті. Сәтбаев қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен олимпиадаға қатысушылар жетекшілерімен мектебіміздегі Қ.И.Сәтбаев атындағы мұражайға және Бейсенбекова Ш.Б атындағы «Мектеп шежіресі» мұражайына саяхат жасап, «Мектеп шежіресі» мұражайындағы құнды,тарихи мәліметтермен танысты.

Мұражайды таныстырушы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Д.К.Батеева және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - А.Е.Икишева.

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 378 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 06.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жандандыру мақсатында Сәтбаев қаласының Индустралдық колледжі 9-сынып оқушыларына 29 қазан күні кездесу ұйымдастырған болатын. Коллледж ұстаздары оқушыларға колледжге қалай түсуге болатынын, қандай құжаттар тапсыруға болатынын қысқаша түсіндіріп өтті. Студенттер өмірінен қысқаша бейнебаян көрсетіліп, оқушыларға сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, оқушыларға әртүрлі мамандықтар иелері өздерінің іс-тәжіриебелерімен бөлісіп, оқушыларға жасап көрсетті.

   

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 329 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 06.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

20 қазан күні кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жандандыру мақсатында Сәтбаев қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының демеушілігімен Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетіне экскурсия жасады. Мектебімізден 9 «Ә» сынып оқушылары Кушенова Ж. және Қайырбек А. Экскурсияға Сәтбаев қаласының әдіскері Л.Б.Дүйсен жетекшілік етті. Оқушылар т.ғ.к. К.Т.Шынбергенова университет тарихымен таныстырып, алғы сөз сөйледі. Сонымен қатар, оқушыларды «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі А.Қ.Кенжебеков университеттің ғылыми және шығармашылық,тәрбие бағытындағы жұмыстарымен таныстырды. Оқушылар құнды мәліметтермен танысып қайтты. Экскурсия өте қызықты өтті.

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 374 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 06.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

29.10.2018 ж Сатбаев қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде қамқоршылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мектебімізден екі қамқоршы ата-ана қатысты. Адильбекова Кундиз, Салхаева Куляш. Мерекелік іс-шарада әр түрлі ойындар ойнатылып, сұрақтар қойылды. Қамқоршылар белсене қатысып, ұтымды жауап берді. Білім бөлімінің басшысының атынан “Алғыс хат ” берілді.

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 363 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 06.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

 

23 қазан күні мектебімізде кітапханашылардың ұйымдастыруымен 7 «Ә» сыныбымен  атты тәрбие сағатын өткізілді.Тәрбие сағатының мақсаты: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жайлы түсінік беру; оқушылардың бойында рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, ұлттық сананы ояту, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Отанын, туған жерін қорғай білуге және атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының өтілу барысында оқушыларға слайд, бейнерөлик көрсетіліп, оқушылар өз ойларын насихаттап ортаға салды. Оқушылар берілген сұрақтарға белсене қатысып, жауап беріп отырды. Оқушылар өздері болашақта Қазақстанның қалай болатынын және өздері қандай үлес қосқысы келетіндерін үлестірме қағаздарға жазды.

 

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 369 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 27.10.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

« 1 2 3 4 5 6 7 ... 17 18 »
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Сәуір 2024  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz