Бс, 28.03.2024, 23:24
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2018 » Мамыр » 08

        5 мамыр күні  "7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне" және "Ұлы Жеңістің 73 жылдығына" арналған "№27 ЖОББМ" КММ ұйымдастыруымен Кеншілер сарайының алдында қалалық "Ұлан" сапта жүріп ән айту сайысы өтті.Сайысқа Сәтбаев қаласының барлық қатысушылары өздерінің әскери - іскерлік дағдыларын көрсете отырып, елін сүйетін және қорғай алатын патриот ұл - қыздары екенін іс жүзінде көрсете білді.Бұл мереке әр кезде де батырлық пен ерліктің, қаһармандықтықпен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болып қала бермек.

          

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 373 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 08.05.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Сәтбаев қаласының білім бөлімі "Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу" мақсатында ата - аналармен жиналыс өткізді.Жиналысқа қаламыздағы №3, №14,№5, №27 ЖОББМ мектебінің ата - аналары қатысты.Жиналысты Сәтбаев қаласының білім бөлімінің бас маманы Жамангарина Ж.С баяндама жасады.Баяндама барысында мектептерде қаржы жинауға болмайтынын айтып түсіндірді.Ата -  аналар маманға түрлі сауалдар қойып өз жауаптарын алды.

     

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 365 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 08.05.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Мектебіміздің 9 "а" - сыныбының оқушылары және тарих пәні мұғалімі Мауленова Гулзия Жолдасбековна қалалық кәсіподақ ұйымының тапсырмасы бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері Жунусова Балымжан анамызды Ұлы Жеңістің 73 жылдығымен құттықтап, анамыздың қуанышын бөлісіп қайтты.Балымжан анамыз мерекесімен құттықтаған кісілерге ақ батасын беріп қуанып қалды.

      

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 426 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 08.05.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Мектебімізде қалалық Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай ұйымдастырылған "Жеңіс жырлары" - атты бастауыш сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы болып өтті.Сайысқа қала мектептерінің 3-4 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты:жас ұрпақты  патриоттық рухта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойына Отанға, халқына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.

Сайыс қорытындысы бойынша: І орынды 19 мектеп, ІІ орындарды 19 мектептің екі бірдей және 27мектептің оқушылары, ІІІ орындарды 15 және 16 мектептің екі бірдей оқушылары иеленді.

   

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 407 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 08.05.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Мамыр 2018  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz