Сб, 20.04.2024, 20:01
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2018 » Қыркүйек » 05

Сәтбаев қаласының 45 жылдығына орай ұйымдастырылған 5 қыркүйек "Мейірімділік күні" аясында мектебіміздің әлеуметтік педагогы  Ж.М. Жақып және аға тәлімгер М.Т.Абдильманова ұйымдастуымен мектебімізде бірнеше жыл ұстаздық еткен  ардагер ұстаздарымыз  Дүтбаев Досым ағай мен Жеңіс апайдың үйіне барып, көмек көрсетілді. Аталған шараға осы мектебіміздің белсенді оқушылары жаппай ат салысып, ардагер ұстаздың үйіне, ауласына тазарту жұмыстары жүргізілді.  Осылайша, зейнеткер ұстаздарымыз көп жылдар бойы қалтқысыз қызмет еткен ұжымының қамқорлығына бөленді. Атап өтсек, ардагер ұстазға деген риясыз құрмет алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

      

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 433 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 05.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Сәтбаев қаласының 45 жылдығына арналған "Қ.И. Сәтбаев-Тұлға. Патриот. Ғалым" атты халықаралық симпозиумның  аясында келген қонақтар Қ.И.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейінің жетекшісі, өлкетанушы К.Б.Балкенов, Жезқазған тарихи-археологиялық музейі "Тарих және археология" бөлімінің басшысы Ғ.Ж.Әуезов, Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, т.ғ.к., доцент Ж.Ә.Жұмабеков, ҚР Ұлттық музейінің ғылыми хатшысы, т.ғ.к., З.Қ.Сұрағанова 5 қыркүйек күні мектебіміздегі Қ.И.Сәтбаев атындағы мұражайға саяхат жасады. Келген қонақтарға мұражайдың тарихымен, ондағы экспонаттар, минералды тастар жайлы және Қ.И.Сәтбаев өмірбаянына шолу жасалынды. Мұражайдағы Қ.И.Сәтбаевқа арналған ғылыми еңбектерге назар аударылды. Мұражайды таныстырушы мектебіміздің бірінші санатты орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі М.Т. Мухтарова.

 

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 368 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 05.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

       "Сәтбаев қаласының оқушылар сарайы" КМҚК ұйымдастыруымен 3 қыркүйек күні қаламыздың 45 жылдығына арналған қалалық "Күн шуағы" атты асфальтта сурет салу байқауында  "Менің қаламның көшелері" номинациясы бойынша мектебіміздің оқушылары бас жүлдені жеңіп алды.

   

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 405 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 05.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Сәтбаев қаласының №27 жалпы орта білім беретін  мектебінде 1 қыркүйек білім күніне арналған «Мен өз елімнің патриотымын» атты салтанатты жиын өтті. 

Білім күніне арналған салтанатты жиын «Мен өз елімнің патриотымын» атты тақырыпта өтті. Білім күні Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен  Астана қаласының 20 жылдығы, қыркүйек айында Сәтбаев қаласына 45 жыл толуына арналды. Білім күніне арналған салтанатты жиынымыздың алғашқы құттықтау сөз кезегі қонағымыз Сәтбаев қаласы, Білім бөлімінің әдіскері Джарасова Қымбат Мырзатевнаға және мектеп директоры Жунусова Гульзия Габдулуахитовнаға берілді. Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу құрметі биыл түлеп ұшатын түлегіміз Тілегенов Әділет және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршініміз Темірлан Анель берілді. Білім күніне арналған салтанатты жиын аяқталған соң  1-11 сыныптар арасында «Мен өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаттары өткізілді. Білім күніне арналған іс-шаралар өз мәнінде өтті.

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 326 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 05.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Қыркүйек 2018  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz