Ср, 24.04.2024, 20:45
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » Қалалық іс шаралар

Сәтбаев қаласының 45 жылдығына арналған "Қ.И. Сәтбаев-Тұлға. Патриот. Ғалым" атты халықаралық симпозиумның  аясында келген қонақтар Қ.И.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейінің жетекшісі, өлкетанушы К.Б.Балкенов, Жезқазған тарихи-археологиялық музейі "Тарих және археология" бөлімінің басшысы Ғ.Ж.Әуезов, Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, т.ғ.к., доцент Ж.Ә.Жұмабеков, ҚР Ұлттық музейінің ғылыми хатшысы, т.ғ.к., З.Қ.Сұрағанова 5 қыркүйек күні мектебіміздегі Қ.И.Сәтбаев атындағы мұражайға саяхат жасады. Келген қонақтарға мұражайдың тарихымен, ондағы экспонаттар, минералды тастар жайлы және Қ.И.Сәтбаев өмірбаянына шолу жасалынды. Мұражайдағы Қ.И.Сәтбаевқа арналған ғылыми еңбектерге назар аударылды. Мұражайды таныстырушы мектебіміздің бірінші санатты орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі М.Т. Мухтарова.

 

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 370 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 05.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

       "Сәтбаев қаласының оқушылар сарайы" КМҚК ұйымдастыруымен 3 қыркүйек күні қаламыздың 45 жылдығына арналған қалалық "Күн шуағы" атты асфальтта сурет салу байқауында  "Менің қаламның көшелері" номинациясы бойынша мектебіміздің оқушылары бас жүлдені жеңіп алды.

   

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 405 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 05.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

"Ұлы дала мұрагерлері"

4 маусым Жезқазған қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 жылдығына орай Республикалық "Ұлы дала мұрагерлері" атты форум өтті. Бұл Форумға "27 ЖОББМ" КММ ұстаздары мен оқушылары қатысты. "100 күйдің тариxы" атты жоба аясында мектеп оқушылары мен ұстаздарынан құралған оркестр Халық күйі "Кеңес" күйін орындады. "Шебер қолдар" қалашығында әр түрлі көркем суреттер салынып, қолөнер бұйымдары жасалды. "Bookcrossing” жобасы бойынша мектеп оқушылары агитбригада өткізді. Бұл форумның негізгі мақсаты жас ұрпақты патриоттық сезімдерін оятып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, Ұлы даланың мұрагерлерін таныту болып табылады.

    

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 439 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 04.06.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

        5 мамыр күні  "7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне" және "Ұлы Жеңістің 73 жылдығына" арналған "№27 ЖОББМ" КММ ұйымдастыруымен Кеншілер сарайының алдында қалалық "Ұлан" сапта жүріп ән айту сайысы өтті.Сайысқа Сәтбаев қаласының барлық қатысушылары өздерінің әскери - іскерлік дағдыларын көрсете отырып, елін сүйетін және қорғай алатын патриот ұл - қыздары екенін іс жүзінде көрсете білді.Бұл мереке әр кезде де батырлық пен ерліктің, қаһармандықтықпен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болып қала бермек.

          

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 380 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 08.05.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Сәтбаев қаласының білім бөлімі "Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу" мақсатында ата - аналармен жиналыс өткізді.Жиналысқа қаламыздағы №3, №14,№5, №27 ЖОББМ мектебінің ата - аналары қатысты.Жиналысты Сәтбаев қаласының білім бөлімінің бас маманы Жамангарина Ж.С баяндама жасады.Баяндама барысында мектептерде қаржы жинауға болмайтынын айтып түсіндірді.Ата -  аналар маманға түрлі сауалдар қойып өз жауаптарын алды.

     

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 370 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 08.05.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Мектебімізде қалалық Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай ұйымдастырылған "Жеңіс жырлары" - атты бастауыш сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы болып өтті.Сайысқа қала мектептерінің 3-4 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты:жас ұрпақты  патриоттық рухта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойына Отанға, халқына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.

Сайыс қорытындысы бойынша: І орынды 19 мектеп, ІІ орындарды 19 мектептің екі бірдей және 27мектептің оқушылары, ІІІ орындарды 15 және 16 мектептің екі бірдей оқушылары иеленді.

   

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 412 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 08.05.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

«Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру»

Ақпан айының 23 жұлдызында Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» оқушылары Жезқазған тарихи-өлкетану мұражайы мен Жезқазған қаласының «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы Қаныш Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік мұражайына саяхатқа шықты. Ең алғашқы қадам Қаныш Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік мұражайынан басталды. Ұлы тұлғаның есімі берілген мұражайға саяхат жасалды. Мұражай қызметкерлері оқушыларға ғалымның өмірбаянын толығымен айтып берді. Сондай-ақ мұражай ішіндегі тарихи жәдігерлерге тоқталып, толық мағлұмат беріп өтті. Саяхат барысында оқушыларға мұражайдағы экспонаттар туралы түсінік берілді. Танысу барысында мұражай қызметкерлері қызықты мәліметтер туралы сыр шертті. Оқушылар мұражай аралау сәтінде үлкен ұлы сезім, патриоттық рухта бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін , терең ой түйгендерін  бір-біріне айтып, ой бөлісті. Алдағы уақытта Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға өздерінің үлесін қосады деп сендіреміз.

   

     

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 386 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 24.02.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

 

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 696 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 13.11.2017 | Түсіндірмелер саны (0)

  

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 427 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 09.11.2017 | Түсіндірмелер саны (0)

 

 

Айтулы оқиғалар белесінде үлкен өмірге алтын ұя мектебінің табалдырығынан ұшқалы отырған 31 түлекке «Сәт сапар!» тілеп, салатанатты жиын ұйымдастырылды

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 543 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 27.05.2017 | Түсіндірмелер саны (0)

« 1 2 3 4 »
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Сәуір 2024  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz