Сб, 20.04.2024, 02:40
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2016 » Мамыр » 11 » «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты ұлттар фестивалі
16:31
«Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты ұлттар фестивалі

1 мамыр – бірлік, ынтымақ күні қарсаңында,  30 сәуір  күні   3-4 сыныптар  арасында «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты ұлттар фестивалі өтті. Бұл  сайыстың  мақсаты  оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемдегі  ең алғашқы  мемлекеттердің  бірі  болып ,сырттан  келген  басқа  ұлт  өкілдеріне  алтын  бесік  болғандығын  ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге  және  халқын  құрметтеуге  тәрбиелеу. Басқа  ұлт  өкілдерінің  мәдениетін, әдет  ғұрпын  сыйлауға  тәрбиелеу.  Сайысқа қазақ, орыс, өзбек, қырғыз, грузин ұлттары қатысып,  өз  өнерлерін  көрсетті. Сайыстың  қорытындысы  бойынша,  3 «А» сыныбы –қазақ,   3 «Б» сыныбы өзбек ұлттары  белсене қатысқаны  үшін марапатталды. Ал  жүлделі  ІІІ  орынды 4 «А» сыныбы- қырғыз  ұлты,   ІІ орынды 3 «Ә» сыныбы- орыс ұлты  иеленді. Жақсы өнерлерін  көрсетіп жеңіске  жетіп, І орынды 4 «Ә» сыныбы грузин ұлты иеленді.

 Осындай  сайыс 7-8 сыныптар  арасында жалғасын  тапты.  Сайыстың  қорытындысы  бойынша  8 «Ә» сыныбы үнді ұлты,7 «Б» сыныбы украин ұлты белсене қатысқандары үшін  марапатталды. Ал жүлделі  орындарды    8 «А» сыныбы грузин ұлты ІІІ орын, 7  «А» сыныбы сыған ұлты ІІ орын,  7 «Ә» сыныбы орыс ұлты  І орынды иеленді. Сайыс қызықты да,  тартысты өтті.

 

 

Категория: Мектептегі іс шаралар | Просмотров: 536 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Мамыр 2016  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz