Бс, 25.04.2024, 05:10
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2016 » Мамыр » 23 » Мектебімізде 21 мамыр күні « Үздіктер слеті» болып өтті.
16:56
Мектебімізде 21 мамыр күні « Үздіктер слеті» болып өтті.

Мектебімізде 21 мамыр күні « Үздіктер слеті» болып  өтті.  Жыл  бойы  үздік  білімімен  және үлгілі тәртібімен көзге  түсіп, мектебіміздің  мақтаныштары  атанған 66  оқушымызға «Оқу үздігі»  сертификаты тапсырылды. 

Мектебіміздің, сабақта, қаламыздың, мектептің  қоғамдық жұмыстарына  белсенділік  танытып  жүрген  сыныптарға «Үздік   сынып» номинациасы тапсырылды. Олар: 4 «А» сыныбы, сынып  жетекшісі: Қасқатаева Р.А, 6 «Ә» сыныбы, сынып жетекшісі: Дүйсембаева В.Ғ, 9 «Ә» сыныбы, сынып жетекшісі: Шинжирбекова С.Б.

Облыстық және  қалалық пән олимпиадаларының  қорытындысы  бойынша жүлделі  орындарға  ие  болған  мектеп  мақтаныштарына  «Жыл білгірі» және Алғыс хаттар тапсырылды. «Жыл білгірі» номинациасын 11 «Ә» сынып  оқушысы Мұратбек  Аманат   иеленді.

Мектебіміздің, қаламыздың қоғамдық-мәдени іс-шараларына  белсене  қатысып, өз үлестерін  қосқан  оқушыларға  Алғыс  хаттар  мен «Жыл белсендісі» номинациясы тапсырылды.  «Жыл белсендісі» номинациясын 2 оқушымыз  иеленді. Олар: 8 «А» сынып  оқушысы Молдағалиева Айгерім және 10 «Ә» сынып  оқушысы Абдрахманов Айдын.

 Ал «Жыл жайдарманы» номинациасын 7 «Ә» сынып  оқушысы Құдайбергенов Ильхам  иеленді.

«Жыл полиглоты» номинациясын 10 «Ә» сынып  оқушысы Әуезов Дияс иеленді.

«Сөз шебері» номинациасы 6 «А» сынып оқушысы Жылқайдар Данаға берілді.

«Жыл әншісі» номинациасы  10 «Ә» сынып оқушысы Махамбет Ақмоншақ  иеленді.

«Жыл бишісі» номинациасы 7 «А» сынып оқушысы Болатбекова Айымға берілді.

«Жыл спортшысы» номинациасы 10 «Ә» сынып  оқушысы Қази  Оразхан иеленді.

Көп  оқитын, терең  оқитын, үлкенге  ізетті, кішіге  қамқор, мектебімізді өркендететін , тілімізді көркемдететін  белсенді оқушыларымыздың АЛАР АСУЛАРЫ, ШЫҒАР БЕЛЕСТЕРІ ШЕКСІЗ  БОЛСЫН!!!

Категория: Мектептегі іс шаралар | Просмотров: 530 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Мамыр 2016  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz