Бс, 25.04.2024, 22:52
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » Мектептегі іс шаралар

Маусым айының 5 күні «Бадаурен» сауықтыру алаңы ашылу салтанаты болды.

      Шаттан, күл балақай

      Қуанатын күн бүгін

      Қайырлы таң!

      Қайырлы күн!

      Күліп шығып шықты күн бүгін!

 Әр топ оқушылары өздерінің топ атын, ұранын, жорық сөздерін айтып, таныстырды. Ашылуына салтанатына мектеп директоры Г.Г. Жунусова  және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Е.Икишева қатысты. Демалушы бүлдіршіндерге жылы лебіздерін білдірді. Әр топ бүлдіршіндері бір ән, бір биден өнерлерін көрсетті. Іс-шара соңы би кешімен аяқталды.   

                       

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 342 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 13.06.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

    "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн"

      Маусым айының 3 күні «Балдәурен» сауықтыру алаңымен таныстыру. 18 күнде өткізілетін іс-шаралар жөнінде тоқталып, келген бүлдіршіндерді 4 топқа бөлінді.  Бірінші күні «Бала еңбек қанауға 12 күн» акциясымен таныстырылды. «Қауіпсіз жаз - 2019 жыл» сауықтыру алаңының жетекшісі Айтлеуова А.С. баяндама оқып, оқушыларға сұрақтар қою арқылы ойын  түрінде өткізді.Науқанды ұйымдастырудағы мақсат бала еңбегін заңсыз пайдалануды болдырмау, сонымен бірге адам саудасын, балаларды еңбек қанауына тартудың алдын-алу бойынша оқушылар мен ата-аналар, жұмыс берушілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым –қатынас жасауға қақысы бар. Жазғы сауықтыру алаңына келген балалармен «Қауіпсіз жаз- 2019» және «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты тақырыптарында жиын өтті. Бала құқықтары туралы сұрақтар қойылды. Балалар өз ойларын еркін айтты.

                        

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 328 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 13.06.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

        №27 мектептің жанынан ашылған алаң балаларды сауықтыру мақсатында өз есігін ашты.

        Алаң 3 маусым айынан бастап 22 маусымға  дейін болды. Алаң 18 күнге есептелген, 80 бала демалуда.

       Алаңда 4 топ бар: «Жұлдыз», «Ұлан», «Күншуақ», «Шапағат». Әрбір топ өз тобының  ұранын,  әнін жаттап, топтағы бұрыштарын әрледі. Әрбір күн қызықты және көңілді болу үшін тәрбиешілер іс-шаралар кестесін жасады, әр  іс-шара балалардың орындау қабілетін арттыруға , жауапкершілігін түсінуге арналды. Осы жоспарымызға қосымша «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын қостық.

Маусым айының алғашқы күні  Халықаралық балаларды қорғау күнімен басталады. Балалар – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт-құсымыздың қанаты. Балалар – тыныштық символы. «Адамның бір қызығы бала деген» деп ұлы дана, кемеңгер Абай айтқандай, бала – адамның бауыр еті, өмірінің жалғасы, көрер қызығы, артына қалдырар ұрпағы. Сәтбаев қаламызда балалар күніне арналған көптеген іс-шаралар өткізілді. Солардың бірі мектебіміздің 2 сынып оқушылары мультфильм кейіпкерлерінің би қимылдарын биледі. Ал 5-6 сынып оқушылары асфальтқа еркін тақырыпта сурет салды. Бұл күні оқушылар өте жақсы көңіл күймен қайтты.

                              

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 304 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 13.06.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 336 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 31.05.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

«Оқушы – ұстаз – ата –ана» - үштік одақ ынтымақтастығы»

Мектебімізде бастауыш сыныптың ұстазы Жаксылыкова Толғанай Куандыковнаның ұйымдасытуымен 1 «ә» сыныбы оқушылары және ата – аналарының арасында «Оқушы – ұстаз – ата –ана» - үштік одақ ынтымақтастығы» тақырыбында тренинг болып өтті.

Мақсаты:Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ұстаз, ата - ана тәрбиесінің әдіс – тәсілдерін жетілдіру, үш одақтың арасында жылы қарым – қатынас орнату.

Ата – аналармен оқушыларға тренингтің жүргізілу тәртібімен таныстырып өтті.Тренинг барысында 4 топ болды.

1 – топ: «Білім»

2 – топ: «Тәрбие»

3 – топ: «Жанашыр»

4 – топ: «Оқушы»

Топтыр төмендегідей бөлімдер бойынша жұмыс жүргізді:

1 – «Біздің қалауымыз»

2 – Шуақты сөздер»

3 – «Жалғасын тап»

4 – «кездейсоқ жағдайаттан шығу»

Бүгінгі тренингке қатысқан ата – аналар, оқушылар өте жоғары дәрежеде белсенділік танытып, өз ойларымен, іс – әрекеттерімен бөлісті.Ата – аналар бала тәрбиесінде бірлікте жұмыс атқару керектігін топтық жұмыстар барысында дәлелдеп шықты.

Ана – аналар тарапынан мектеп мұғалімдеріне ризашылығын білдіріп, алдағы уақыттада мектеп өміре белсенділік танытып бала тәрбиесінде үлкен жұмыстар атқаратындықтарын жеткізді.

    

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 820 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 23.04.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 346 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 23.04.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

«№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

ЭЦҚ – ны алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізілген семинар туралы ақпарат

«Сандық Қазақстан» жобасын іске асыру барысында «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ - де мектепішілік түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Egov» электронды үкімет порталы жөнінде мектеп мұғалімдеріне электронды қолтаңбаны қалай үйде отырып ала беретіндігі жайлы түсіндірді.Бұл жобаның тиімділігі үйде отырып ақ 156 түрлі қызымет түрлерін ала алатындығы айтылды.Электронды үкімет парталының негізгі мақсаты азаматтарға жедел және сапалы қызымет көрсету.Кез – келген азататтың ХҚКО- ға келіп, электронды үкіметтің порталдар туралы арнайы мамандардан кеңестер алуына толық мүмкіндіктер бар екендігі айтылды.

Сондықтан әр бір қызыметкер түсіндіру жұмыстарының жүргізілгендігін қолдайды.

    

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 336 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 04.03.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

№27 жалпы орта білім беретін мектебі КММ

25.02.2019ж мектебімізде “Қамқорлық” акциясы өткізілді. 9 “Ә” сынып оқушысы Жарылқасын Айбатыр көп балалы отбасында дүниеге келген. Қазіргі таңда отбасында 7 бала, ата-анасы жұмыссыз. Мектебіміздегі ұстаздар мен ата-аналар азық-түлік ретінде оқушының отбасына көп көмек берді. Айта кетсек 1 “Б” сыныбының ата-аналары Уншибаева Асыл, Бабашева Жансая, Макишева Айман, Тлегенова Шолпан 4 “б” сыныбының ата-анасы, Асанова Алтынай 10 “А” сыныбының ата-анасы, мектебіміздің асхана жалгері Ф.Д.Дюмкулова және мектеп ұстаздары көмек берді. “Қамқорлық” акциясы мектебімізде жиі ұйымдастырылып тұрады.

Макарон-10кг,

сұйық май-2

қант-5кг

шай-1

сүт-2

сливочный май-5

горох колотый-1

манная крупа-1

иіс сабын-2

зубная паста-1

нан

томат-2

күріш-5 кг

гречка -2кг

картошка-5 кг

марковь-2кг

жуа-2кг

свекла-1кг

алма-3кг

сыр-2

   

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 318 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 02.03.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

«№27 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ  «Экономика барлығы үшін» жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық» күні аясында ұйымдастырылған іс-шаралардың өтуі туралы мәлімет

 

     2019 жылдың 23 ақпаны күні «Экономика барлығы үшін» жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық» күні өтті.

«Қаржылық сауаттылық» күнін өткізудің мақсаты:

  1. Оқушылардың бойында қаржы туралы жалпы түсінік қалыптастыру;
  2. Жеке қаржыны тиімді басқарудың дағдылары мен қаржы мәдениетін қалыптастыру;
  3. Оқушыларға ақшаны дұрыс ұстауға, ақша ұстау үшін қажетті білім алуға, қаржылық жоспарлауды, отбасы бюджетін қалыптастыруға және жоспарлауға үйрету.

Барлық сыныптар тақырыптық сынып сағаттары мен экономикалық ойындар өткізіп, видеофильмдер көрсетілді.

Бекітілген жоспар бойынша І, ІІ ауысымда сынып жетекшілері оқушыларға ашық жиын өткізді. Ашық жиында оқушыларға «қаржылық сауаттылық» түсінігі туралы ақпараттар оқылды. «Қаржылық сауаттылық» күні өткізілетін іс-шаралармен оқушыларды таныстырды.

«Экономика барлығы үшін» жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық» күні аясында ұйымдастырылған іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. «Қаржылық сауаттылық» күні аясында өткізілген іс-шаралар барысында оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауаптар алды. Қаржыны қалай үнемдеу жолдарымен танысты. Іс-шараларға оқушылар белсене қатысып, қажетті мәліметтер алды.

   

 

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 516 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 25.02.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

23 қаңтар күні 3-4сыныптар арасында «Жас математик» интеллектуалды сайыс өтілді.Сайыстың мақсаты: Ойы жүйрік,танымдылық деңгейі жоғары,интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу,белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру мақсатында болды. Сайыс 4кезеңнен өтілді. 1кезең «Бәйге», 2кезең «Полиглот», 3кезең «Ғажайып жетілік», 4кезең «Жорға».

Бәйге кезеңінде Логикалық тапсырмалар беріліп, баланың білім деңгейлері анықталынды. Полиглот кезеңінде орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілдеріндегі білімдері тілдік сөздік қорларын көрсете білді. 3кезеңде Ғажайып жетілік пәндерден сайыс болды. Берілген ұяшықтғы сандарды таңдап тапсырмаға жауап алынды. Балалар өте белсенділік танытты. Толықтай жауап беруге талпынды. 4кезең берілген Қазақстан сөзінен баланың ойлау, сөздік қорлары тыңдалып 15-тен артық сөз жинаған 4 сынып оқушылары сөз шебері атанды. Жас математика зияткерлік сайысының қорытындысын мектеп басшысы оқу тәрбие ісінің орынбасары Икишева Айгерім Ерболқызы сөз алып, екі топтың өзіндік жетістіктеріне тоқтала кетті. Қорыта келе 2топты «Жүйріктер» және «Тапқырлар» номинациясымен марапаттады. Ұйымдастырып өткізген бастауыш сынып мұғалімі:Кожахметова М.Б

  

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 394 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 24.01.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

« 1 2 3 4 ... 12 13 »
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Сәуір 2024  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz