Бс, 25.04.2024, 15:45
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » Мектептегі іс шаралар

19 қаңтар күні сағат 10 - 12.00 аралығында мектебімізде ата- аналарға арналған ашық есік күні өтті.

    Мақсаты – ата – аналарды оқу тәрбие жұмысымен жақынырақ таныстыру және оқушылардың білім дағдыларының қалыптасуына мүмкіндіктер тудыру.

Бұл күні ата - аналар:

 - Ата - ана әр пән мұғалімдерімен жеке кездесу мүмкіндіктері;

- Өз баласы туралы ақпаратты (тәртібі, білімі, ойлау дағдысы) мұғалімдермен жеке сөйлесу мүмкіндіктері;

- Мектеп жағдайымен танысу, қандай кеңістікте білім алатынын көру;

- Педагог - психолог, әлеуметтік педагог, тәлімгермен кездесу;

- Мектеп әкімшілігімен кездесу - мүмкіндіктері қарастырылды.

      Ашық есік күніне келген ата - аналар пән мұғалімдеріне жеке жолығып,жаңартылған білім мазмұны бағдарламасының жүргізілу барысымен танысты. Тоқсандық және жиынтық бағалау тапсырмаларының қорытындыларымен танысып, өздеріне керекті сұрақтардың жауаптарын алды.

Бүгінгі ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне ата – аналар өте жоғары деңгейде қатысты.

    

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 342 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 19.01.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

«№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Жаңа жыл – бәріне ортақ, бәрінің сүйікті мерекесі. Жаңа жылға дайындық ерте басталып кеткен болатын. Тәрбиешілер балалармен өлеңдер, тақпақтар жаттады, Жаңа жыл, жаңажылдық дәстүрлер тақырыбында әңгімелер өткізді, музыкалық жетекші тәрбиеленушілермен өлеңдердің әуендерін,билерін жаттады. Мектеп әкімшілігі Жаңа жылдық мерекені балалар үшін өте қызықты, есте қаларлықтай өтуін ұйымдастырды.

«27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Жаңажылдық мерекеге дайындық 20 желтоқсан күні басталды.

22-28 желтоқсан аралығында мектебіміздің 1 қабатында 1-4 сыныптар аралығында ең үздік жаңажылдық шырша, аязата, ақшақар, мерекелік құттықтау хат қабырға газеттерін жасаудан сайыстар өтті. 5-7 сынып оқушылары мектептің 1 қабатын безендірді. Бұл сайыс арқылы оқушылар өз шығармашылығын, іскерлігін көрсетуі, ал жасаған жұмыстары өте жарқын, мазмұнды, әдемі безендірілген болуы тиіс еді. Жоғары сынып оқушылары мерекеде залдың және Жаңа жылдық шыршаның безендірілуіне жауапты болды.

Мерекені тамашалауға келген ата-аналар өз балаларын қолдап, көтеріңкі көңілмен түрлі сайыстарға қатысты. Аяз ата мен ақшақар барлығына тәтті таратып, шыршаны айнала әндер айтты. Барлық қатысушылар мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды.

Жаңажылдық шыршалар кесте бойынша өтті: 28 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 09:00-ден бастап 0-4 сынып оқушылары мен шағын орталық тәрбиеленушілеріне арналған «Ертегілер әлемінде» ертеңгілік өтті. Жауапты мұғалім: бастауыш сынып мұғалімі. Сағат 13:00-ден бастап 5-6 сынып оқушыларына, сағат 16:00-де 7-сынып оқушыларына жаңа жылдық кеш өтті.

27 желтоқсан күні кешкі сағат 18:00-ден бастап 8-11 сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық бал-маскарад өтті. Жауапты мұғалімдер: сыныптардың жетекшілері.

Барлық мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде өтті деуге болады. Көптеген өлеңдер айтылып, би биленді, күлкіге толы әр түрлі ойындар мен сайыстар өткізілді. Жоғары сынып оқушылары мерекелік кеште өз өнерлерін өте жақсы көрсетіп, қызықты ойындар ойнатылды. Оқушылар өздерін жаңа қырынан көрсете білді. Оқушылар арасында сайыстар өткізілді.

8-11 сынып оқушылары мен олардың сынып жетекшілері шыршаны безендендіруде өз үлестерін қосты.

Жыл сайын Жаңа жылдық мереке қарсаңында сынып жетекшілер оқушыларды Жаңа жылдық мерекенің өтуі кезіндегі сақтайтын қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Мектеп әкімшілігінің атынан Жаңажылдық мерекелерде көмек көрсетіп, белсенді ат салысқандары үшін барлық оқушыларға, ұстаздарға алғыс айтамыз!

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 397 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 04.01.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше.

Аязы бет қаритын қыстың көркі мұз қала­шығымен енеді. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында,оқушылар мен ата-аналары мектеп алаңында қардан және әртүрлі бояуларды қолдану арқылы ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін жасады. Мектеп ауласын мерекеге орай безендіру ата-аналарды да, оқушыларды да бір қуанышқа бөледі.

Мүсіндері де биыл өзгеше. Балалардың сүйікті ертегі кейіпкерлері мұз әлеміне жетелей жөнеледі. Ересектер мен балалар олардың жанында суретке түсіп, келе жатқан Жаңа жылды жақсы көңіл-күймен қарсы алуға дайындық үстінде. Келе жатқан доңыз жылының несібесі мол болғай!

  

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 428 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 04.01.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

 

 

7 желтоқсан күні сағат 12.00 де АКТ залында 2 «а,ә,б» сынып жетекшілерінің ұйымдастыру мен «Желтоқсан-Тәуелсіздіктің рухы» атты ашық тәрбие сағаты болды. Ашық тәрбие сағаты 3 бөлімнен тұрды.

1 бөлім «Бабалар аманаты-бірлік» 2 «а» сынып оқушылары жүргізді, үш бидің көрінісі болды.

2 бөлім«Мен-рухпын, қан-тамырымда қайнаған... 2 «ә» сынып оқушылары жүргізді. Оқушылар желтоқсан туралы тақпақтар айтты және көрініс «Қайраттың соңғы сөзі».

3 бөлім «Тәуелсіздік төрінде» 2 «а» сынып оқушылары жүргізді. Осы бөлімде «Достық» биі биленді және көрініс «Аттанарда». Соңында «Мен қазақпын» өлеңіне флешмоб билеп аяқтады.

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 319 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 10.12.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

№27жалпы орта білім беретін мектебінде 3- 9 желтоқсан аралығында Жаһандық компьютерлік аптасы аясында "Код сағаты - 2018" акциясына 3-11 сыныптар қатысты.

Код сағатының өткізілудегі міндеті - оқушыларды компьютерлік бағдарламаларға қызығушылығын арттыру болып табылады.Код сағатын - информатика пәні мұғалімі Егеубаева Лайла Бақытжановна жүргізді. Мектеп оқушылары бұл шараға қызығушылықпен қатысты. Оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмаларды әр - түрлі деңгейде орындап шықты.

Код сағатының міндеті – оқушыларға қарапайым және қызықты тәсіл арқылы бағдарламалау әдістермен таныстырту.Оқушылардың нақты ғылымға деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

«Код сағаты – 2018» акциясына қатысқан оқушыларға сертификаттар берілді.

 

      

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 754 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 10.12.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында мектебімізде кітапханашы К.А. Куйкабаева «Президенттілік – мемлекет болашағының белгісі» тақырыбында оқырмандар конференциясын өткізді. Іс-шара жастардың «Мәңгілік Ел» идеясының жүзеге асуына тұлғалық үлесін қосу және Елбасының публицистикалық шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Конференцияның І бөлімінде « Елбасы – елімнің тұтқасы» атты бейнебаян көрсетіліп, оқушылар бүгінгі күннің саналы азаматтары ретінде Елбасымен бірге үндесіп, болашаққа жол табу мақсатын айқындады. «READx» – кітап сүйер қауымның сүйікті жобасы да осы конференция барысында жүргізілді. «READx» жобасынның спикері – Қалибек Айжан, 10 - сынып оқушысы Елбасының кейінгі тарихи публицистика жанрында жазылған « Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының қысқаша фабуласын айтып жарнамалады, оқушыларға оқуға кеңес берді. «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітап – жаңа тарихтың толғауы, Елбасымыздың тәуелсіздік туралы ой-толғамдарының жиынтығы. Жоба ережесіне сәйкес, спикердің таныстырылымынан кейін оқушылар қолдарына берілген жасыл «оқимын» немесе сары «ойланамын» түсті қағазды көтеріп дауыс берді.

Өткенді білмей, болашаққа қадам басу мүмкін емес. Сондықтанда конференцияның ІІ бөлімінде ел тарихы, жер тарихы, тіл тарихы, халықтың болашақтағы мен жарқын өмірін саралап беретін Елбасының терең ойлы шығармашылық еңбегін насихаттап оқушылар баяндама оқыды.

Іс-шара соңында оқырмандар, ұстаздар, қонақтар мерекеге ән-шашу ретінде латын қарпімен жазылған караокемен жерлесіміз Қуандық Рақымның «Мен қазақпын» әуенін тамаша көңіл-күймен орындады.

Қорыта келгенде, халқымыздың бақытты өмірі үшін аянбай еңбек еткен қайраткердің тағдыры мен тағылымынан сабақ ала білу – өркениеттілік белгісі, кемел келешек кепілі.

    

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 1237 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 03.12.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Мектебімізде 29 қараша айында 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған 2-4 сыныптар арасында патриоттық ән сайысы өткзілді.

Мақсаты:жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Аталмыш сайысқа қатысушы сыныптар өте жоғары дайындықпен келген.Әр сыныптың оқушылары тақырыпқа сай киім үлгілерін әзірлеген. Әділ қазылар алқысына жүлдегерлерді анықтау қиынға соқты.Оқушылардың таңдап айтқан әндері, киім үлгілері өте керемет шыққан.

Әділ қазылар алқасы төмендегі критерилер бойынша бағалады:

1. Әр сыныптан оқушының қатысуы.

2. Сахна мәдениеті.

3. Киім үлгісі.

4. Тақырыпты ашуы.

Жарыс қорытындысы:

Бас жүлдеге ие болған 3 «Б» сыныбы "Ел қорғауға әзірміз" әнімен.

І орынға ие болған 4 «Б» сыныбы "Бақытты Қазақстан" әнімен

ІІ орынға ие болған сыныбы 2 «А» "Көк тудың желбірегені" әнімен.

ІІ орынға ие болған сыныбы 4 «В» «Туған ел» әнімен

ІІІ орынға ие болған сыныбы 4 «А» "Тәуелсіз ел ұран" әнімен

ІІІ орынға ие болған сыныбы 4 «Ә» Туған жер"әнімен.

Ал белсене қатысқаны үшін марапатталған сыныпар 2 «Ә» "Нұр аға"әнімен, 2 «Б» "Ел қорғауғаәзірміз" әнімен. 3 «А» "Елім менің" әнімен , 3 «Ә» "Қазақтың елі"әнімен.

Мектебімізде осындай патриот жеткіншектердің тәрбиеленіп, өсіп келе жатқандығына қуанамыз!

       

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 402 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 30.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

2018 жылғы 12-23 қараша аралығында өтетін “Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” республикалық ақпараттық науқаның ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізілді. 14.11.18ж “Қатыгездікпен қараудан қорғау құқығы” ашық ойын сабақ 7-сыныптар арасында болды. Мақсаты: түрлі зорлық-зомбылық көрсетуден қорғану және қауіпсіз іс-әрекет туралы ойлануға мүмкіндік беру.Оқушылар бұл сабақтан көптеген мәліметтер алып, сақтанып жүрудің жолдарын білді.

  

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 395 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 23.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

16 қараша күні мектебімізде «Бала сұлтан» байқауы өтті. Байқау 0-1 сыныптардың арасында болды. Оған барлығы 9 бала қатысып, мектепалды даярлық топтары мен бастауыш оқушылары бөлек марапатталды. Байқау III кезеңнен тұрады. Бірінші кезең таныстыру, екінші кезең өз өнері, үшінші кезең үй тапсырмасы яғни қол өнері. Бүлдіршіндер сайысқа өте жақсы қатысып көзге ерекше көрінген даярлық тобының оқушысы Қайрат Ернар. Бас жүлдемен марапатталған Жұман Марлен 1«б» сыныбы және Қайрат Ернар 0«а» сыныбы. Бірінші орынға ие болған Сланбек Сәкен 1«в» сыныбы және Жұмабай Арсен 0«ә» сыныбы. Екінші орын : Иманғалиев Асылхан 1«ә»сыныбы және Дүйсен Арсен 0«б» сыныбы Түсінбеков Аслан 0«б» сыныбы. Үшінші орынға ие болған Смағұлов Ислам 1«а» сыныбы және Бейбітұлы Асылмұрат 0«в» сыныбы. Байқауды ұйымдастырған жас мамандар.

   

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 457 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 20.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

6 қараша күні Айтлеуова Айнур мектепалды 0 «Б»даярлық тобына «Тамақтану дегеніміз не?» атты тәрбие сағаты өткізді. Тәрбие сағатын психологиялық ахуалмен басталды. Балаларға Тағам – өмір мен қуат көзі, өз денсаулығымызды сақтау үшін тамақтану тәртібін сақтау керек екенін түсіндірілді. Балалар сурет бойынша өз ойларын айтып, қызығушылықпен қатысты. Дұрыс тамақтану жайлы бейнебаян көрсетілді

  

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 412 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 08.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

« 1 2 3 4 5 ... 12 13 »
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Сәуір 2024  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz