Жм, 19.04.2024, 10:00
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2016 » Мамыр » 30 » «Мектептің жүрегі – мұғалім» атты қорытынды конференциясы
11:18
«Мектептің жүрегі – мұғалім» атты қорытынды конференциясы

 «№27 ЖОББМ» КММ мұғалімдерінің 2015-2016 оқу жылының «Мектептің жүрегі – мұғалім» атты  қорытынды конференциясы

      Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
      «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер    «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.  

      Білім беру модернизациясы – даму үрдісі және тұрақты алға ұмтылу, білім беруді біртіндеп жүзеге асыратын және алынған нәтижені нақты талдау және қолдау. Осы жағдайда қазақстандық қоғамның айқын проблемасы бәсекеге қабілетті, бүгінгі күні әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүрумен қатар, қазіргі кезеңде әсер етіп қана қоймай, оны жақсы жағына өзгеруге ықпал жасау арқылы тұлға қалыптастыру. Бұл жоспарда мұғалімге үлкен роль бөлінеді. Мұғалім мамандық өндірісіндегі қарқынды өзгерістерді бақылап, зерттеп қана қоймай, жаңа технологияларды меңгеруі тиіс. Тек қана жоғары дәрежелі ішкі мотивациясы жоғары, сын тұрғыдағы тұлға ғана, өздігінен жоғары дәрежедегі маман қатарына жетуі мүмкін. Осы жетістікке жету үшін негізгі роль әдістемелік қызметке бөлінеді.

       Сонымен «№27 ЖОББМ» КММ мұғалімдерінің 2015-2016 оқу жылының «Мектептің жүрегі – мұғалім» атты қорытынды мерекелік жиынымызды мектеп директоры  Замзагул Ертаевна өзінің құттықтау сөзімен ашып берді. Директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары  Р.О.Капарова мектеп ұжымын жылдың қорытынды есебі, рейтингпен таныстырды.  

        Шара барысында жыл бойы жақсы еңбегімен  көзге түскен ұстаздарды, мектеп әкімшілігі атынан номинациялармен марапатталды.

    «Ұлағатты ұстаз» - номинациясы бойынша Садуақасова Турсынбике  жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі, Мейрамова Майра Даулеткелдіқызы  I санатты мектеп кітапханашысы,  Ашықбаев Серікбай  жоғары санатты технология пәні мұғалімі, Мұңсызбаева Асия Набиевна I санатты орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі марапатталды.

    «Сенім сертификаты»  номинациясына ағылшын тілі пәні мұғалімі  Баймуханова Жансая Мұратбекқызы ие болды.

    «Ізденімпаз мұғалім» номинациясы   бойынша Шинжирбекова Сара Батырбаевна I  санатты физика пәні мұғалімі, Мұқажанова Алтын Ақсейтқызы I  санатты бастауыш сынып мұғалімі иеленді. Дүкенбай  Жандос  Дүкенбайұлы  математика пәні мұғалімі, Мауленова Гулзия  Жолдасбековна  тарих пәні мұғалімі марапаталды.

    «Үздік олимпиада резервтерін дайындаушы »  номинациясы   бойынша  Құлманов  Жумагали Құлманұлы  жоғары санатты  тарих пәні мұғалімі, Жунусова  Кулпаш  Сарсенбекқызы жоғары санатты гегорафия пәні мұғалімі , Ибраева  Есенкүл Алиакпаровна I санатты математика пәні мұғалімі марапатталды.

    «Шебер ұстаз»  номинациясы бойынша мектебіміздің шебер ұстаздары,  Қостаев Ерлан Абилкасимович  I санатты АӘД және бейнелеу өнері пәні мұғалімі, Омарова Анар Бейсеновна  I санатты физика пәні, Қожахметова Мария  Баязбековна  жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі, Маженова Сандуғаш Таймановна      I санатты бастауыш сынып мұғалімі, Алиева Рита Советовна I санатты мектеп психологі, Тулебаев Джамал Тойлыбаевич I санатты дене шынықтыру пәні мұғалімі марапатталды.

    «Тіл шебері»   номинациясымен   Қазанбаева  Гулназия  Шахмуратовна  I  санатты қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, Тәжібаева Айжан Ахатовна I  санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі,   Апшокенова  Роза  Жумабековна II санатты  бастауыш сынып мұғалімі марапатталды.

    «Жыл жас маманы»   номинациясымен Жақыпова Жансая  Мектепбергенқызы  қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, Агабекова Акнур Бахитжановна мектеп психологі, Серикова Кристина Игорьевна аға тәлімгер марапаттталды.

    «Жылдың үздік әдістеме бірлестігі»  номинациясын «Эстетика және спорт» бірлестігі  ие болды.

    «Жыл сынып жетекшісі»  номинациясын  Дүйсембаева Венера Ғалымовна  6ә сыныбының жетекшісі, Елеусизова Қарлығаш  5А сыныбының жетекшісі, Қасқатаева Роза Абсалямовна 4А сыныбының жетекшісі, I  санатты бастауыш сынып мұғалімі марапатталды.

 

      Құрметті ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Ұстаздарға арналған «Мектептің жүрегі - мұғалім» атты жылдың қорытынды конференциясы жоғары дәрежеде өтті. Ұстаздар естелікке суретке түсті.

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Мектептегі іс шаралар | Просмотров: 522 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Мамыр 2016  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz