Жм, 26.04.2024, 04:08
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2016 » Мамыр » 25 » Соңғы қоңырау
14:38
Соңғы қоңырау

2016 жылғы түлектердің "Соңғы қоңырау" салтанаты

Құрметті қонақтар, ұстаздар мен ата-аналар! 25 мамырда мектеп өміріндегі дәстүрге айналған мерекелердің бірі – соңғы қоңырау салтанаты өтті. Алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күні.

Бұл күн– «мектебім, ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.

Бұл күн – атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.

Бұл күн – әжең ерке ұланының ер жеткенін көрсем деген күн.

Бұл күн – әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн.
Бұл күн – анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.

Бұл күн – ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.

Бұл күн – арман қуып алысқа аттанған күн.

Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі қалатын күн.

Ендеше, сәт сапар, жас түлектер!                     

     Биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл! Бұл біз үшін «Мәңгілік ел» түлектері үшін естен кетпес ұлы мереке! Себебі, сендер болашақтың тұтқасы-ел тірегісіңдер!

Осындай айтулы мерекелер аясында мектебімізден биыл 28 түлек үлкен өмірге аттанғалы отыр.

Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтарымыз:

1.  Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Төлеш Қанат Жанділдаұлы.

  1. Сәтбаев қаласының білім бөлімінің бас маманы Жарасова Қымбат Мырзатайқызы.
  2. Ө.А.Байқоңыров атындағы ЖезУ –нің аға оқытушысы – Сүлейменов Ақансері.
  3. Сәтбаев қаласының құрметті азаматы Оралов Серік Қолданұлы.

Салтанатты жиынымызды мектеп директоры Киянова Замзагүл Ертайқызы құттықтау сөзімен ашты.

Түлектерге жарқын тілек білдіріп, 1 сынып бүлдіршіндері 11 сыныпты құттықтады. Келген қонақтарымызға, ата-аналарға сөз беріліп, ақ тілектерін білдірді. Сынып жетекшілер оқушыларын номинациялармен марапаттады. 11 сынып түлектері өздерінің салтанатты концерттік бағдарламасын ұсынды. Әндер айтылып, би биленді. Мерекелік шара жоғары дәрежеде  аяқталып, естелік суретке түсті.

Қымбатты түлектер, алдарыңызда тұрған бірыңғай ұлттық тестілеуде сәттілік тілейміз!

 

 

Категория: Мектептегі іс шаралар | Просмотров: 887 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Мамыр 2016  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz