Би - музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс - әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім - әсерлері. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл - бимен бейнелеу көне дәуірдегі өмір талабынан туды. Келе - келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты.
Би десе барын салатын, Құмары содан қанатын. Биле, кәне, достарым, Кезекті сізге жолдадым – деп әр топтың дайындаған флеш-моб биі.