Сб, 27.04.2024, 14:43
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Хабарландыру!!!

Главная » Доска объявлений » Ұстаздарға

В категории объявлений: 4
Показано объявлений: 1-4


Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және
жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

Ұстаздарға | Просмотров: 355 | Дата: 10.12.2016

МҰҒАЛІМНІҢ ҚАЖЫМАС ЕҢБЕГІНІҢ БАҒАЛАНАТЫН УАҚЫТЫ ЖЕТТІ!!!

Қасиетті қара шаңырақтың білім нәрімен сусындап, мұғалім деген атақты алып шығу, оқушыларға жақсы тәрбие мен білім беру үлкен ерлік. Себебі біз тәрбиелеген ұрпақ ертеңгі күні еліміздің тірегі болмақ. Тәуелсіздіктің тұғырын, еліміздің тыныштығын сақтап қалатын да солар. Сондықтан ұстаз болу - жүректің батырлығы!

Мағжан Жұмабаев «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім, алты алаштың баласы бас қосса,қадірлі орын мұғалімдікі» - дегені бәрімізге белгілі. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл - ұстаздардың еңбегінің жемісі.

Сондай шамшырақ ұстаздардың бірі - Шабал Бейсенбекқызы. Шабал апай – таудай талаптың, нұрлы ақылдың, адал еңбектің нәтижесінде 57 жылдық ұстаздық, 30 жылдық басшылық ғұмырын зор табыспен атқарған ұлағатты ұстаз! Тынымсыз атқарылған жұмыс пен жігердің арқасында №27 білім ордасы толағай жетістіктерімен облыстағы, тіпті республикадағы алдыңғы қатарлы мектептердің қатарына қосылды. 1987 жылы білім ошағы ұжымының эстетикалық, адамгершілік бағыттағы жемісті еңбегі бағаланып, ҚР Білім министрлігінің қолдауымен республика бойынша тірек мектебі болып танылды,әрі республика көлеміндегі «Елім-ай» оқу эстетикалық бағдарламасы бойынша сынақ мектебі деп белгіленді. Әрине, бұл – ел игілігі мен ұлт мүддесі үшін апайдың аянбай қызмет етуінің көрнекті көрінісі.Апайдың алдынан шыққан шәкірттері бүгінде осынау кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде абыройлы еңбек етіп жүр. Бұл – тұтас елдің мақтаны боларлық өнегелі іс.

Апай ізімен ұстаздар ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек ете берсе, білім ұясынан елге таңылар әлі талай айтулы адамдар тәрбиеленіп шығатынына еш күмән жоқ. Қара шаңырақ – №27 білім ошағы жылдар сайын күміс қоңырауын сыңғырлата береді, түлектері оқуға деген ынталарымен көп бағдарламалар бойынша Польшада, Қытай елдерінен білім алуда. Әр оқу жылында Ұлттық бірыңғай тест – білім сапасының басты көрсеткіші десек, 2016 оқу жылында қаламызда 15 білім ордасы болса, ҰБТ нәтижесі бойынша мектебіміз алғашқы «бестіктің» қатарына енді. 100–ден жоғары балл алған үш оқушымыз грант иегері болды. Биылғы оқу жылынан да күтеріміз мол... «Алтынға үміткер» бір оқушымыз бар, бағы жанса екен дейміз.

Ұлағатты ұстаз, қамқор ана аталып, даңқ асқарынан да, билік шыңынан да, байлық базарынан да баянды, солардың бәрінен де мәнді, бәрінен де салтанатты ұстаздық ілімімен, ибалы мінезімен ұштасқан ұлы еңбегі халықтың бағасына ие болды. Міне, бұл нағыз еңбек, нағыз дарын деп айтуға болады. №27 киелі шаңыраққа Шабал Бейсенбекқызының есімі берілсе, мектеп ұжымы, тіпті қала тұрғындары үшін бұдан асқан шексіз қуаныш болмақ! Өйткені, Шабал апайдың ғибратты ғұмыры, еңбек жолы – кейінгі ұрпаққа, ұлт болашағына тағлымы мол, үлгі-өнеге боларлық даңғыл жол.

Ұстаздарға | Просмотров: 265 | Дата: 18.03.2017

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 29 тамызда № 15584 болып тіркелді

Ұстаздарға | Просмотров: 307 | Дата: 23.11.2017

Құрметті ұстаздар!
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады. Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша “..1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды.



 

Ұстаздарға | Просмотров: 126 | Дата: 30.09.2020

Сайтқа кіру
Іздеу

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz