Ср, 25.11.2020, 02:49
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Главная » Жаңалықтар мұрағаты

Мектепке құжаттарды қабылдау автоматтандырылды

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 77 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 15.05.2020 | Түсіндірмелер саны (0)

                  

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 112 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 16.03.2020 | Түсіндірмелер саны (0)

УЛЫ ГАЗ: УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауа райы суытқан кезде тек өрт емес, кей кездері адамның өліміне әкеліп соғатын улы газдан улану жағдайларының саны өседі.

Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қауіп-қатердің алдын алу мен зардап шеккен кездегі іс-әрекет тәртібін хабарлайды.

Биылғы жылы жылыту маусымы бастылысымен, яғни 15 қазан мен 8 қараша аралағында Атырау қаласында улы газдан улану бойынша 2 жағдай тіркеліп, салдарынан 2 бала зардап шегіп, 1 адам қаза болды.

Улы газды әдетте «зұлым жаналғыш» деп те атайды – өйткені оның түсі де, иісі де жоқ, қаза болған адам оны сезбей кетеді. Оған қоса, газ ауамен араласып өзінің улағыш қасиетін жоғалтпаған күйі тез тарайды.

Улы газдан уланудың белгілері

Улы газ пайдаланылған газдың улы бөлігі. Көп жағдайда улы газдан улану көмірмен немесе газбен жағылатын пештерді немесе қазандықтарды дұрыс пайдаланбаудан туындайды.

Адамға дер кезінде көмек көрсету үшін мұндай уланудың негізгі белгілерінен хабардар болу қажет. Улы газ иіссіз болатындықтан, тыныс алу ауасының құрамында0,08%көмірқышқыл газы араласқан кезде адамның басы ауырып, тұншығу белгілері сезіліп, улануы мүмкін. Көмірқышқыл газының концентрациясы 0,32% дейін жоғарылаған кезде сал ауруының белгілері байқалып, есінен тану жағдайлары болады (өлім 30 минуттан кейін келеді).

Концентрация1,2% асқанда 2-3 тыныс алудан кейін адам есінен танып, кемінде 3 минуттан кейін өлімге әкеледі.

Улы газдан улану кезіндегі көмек

Мұндай жағдайда зардар шегушіге дәрігерге дейін көмектің дұрыс көрсетілуі өте маңызды. Ол үшін алдымен уланған адамды таза ауаға шығарып, аяғын сәл көтеріңкі күйде жатқызып, денесін тар киімнен босатып, мүсәтір спиртін иіскетіңіз. Егер адам есін біліп жатырса оған тыныштық және үзіліссіз оттегі қажет, мысалы газетпен желпуге немесе желдеткіш қосуға болады. Ал зардап шегуші дем алмай жатырса, алдымен тыныс алу жолдарын тазалап алып жасанды дем беру қажет. Және де әрине «Жедел жәрдем» қызметін шақырыңыз. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда өмірлік маңызды функциялары қалыпқа келгеннен соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізуге тырысыңыз.

Есіңізде болсын, уланған адамды қауіпті газ концентрациясы бар жерден алып шығу кезінде өзіңіз бірге уланып қалмас үшін бірінші кезекте өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету қажет. Ол үшін тез әрекет етіп, қол орамалы немесе дәке арқылы тыныш алу керек.

Улы газдан уланудың алдын алу

Расында, қарапайым қауіпсіздік шараларын барлығы да біледі. Дегенмен, улану орын алуда. Демек, кейбір адамдар үшін жаттанды әрі баршаға мәлім қағидаларды қайталауғ тура келеді:
- тек жарамды жабдықтарды қолданыңыз. Пеш қалауларындағы жарықтар, тазаланбаған түтін тұрбасы сол сияқты «ұсақ-түйектер» ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
- пештер мен каминдерді қағидаларға сәйкес қолданыңыз. Желдету жүйесінің жұмысына жүйелі түрде тексеру жүргізіп, түтін тұрбаларын уақытылы тазалаңыз, пештер мен каминдерді қалауда тек кәсіпқой мамандарға жүгініңіз.
- автокқлік иелері, көлікжайда (гаражда) қозғалтқыш бөлігін қосулы күйде жұмыс жасамаңыз.

Құрметті азаматтар! Жоғарыда айтылған ережелерді сақтаған жағдайда, Сіз тұншықтырғыш газбен уланудың құрбаны болмауына әкеледі.

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 105 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 29.11.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жоғары лауазымына тағайындалғанына 30 жыл толуына орай жазғы «Балдаурен» сауықтыру алаңында арнайы жоспар құрылды. «Нұрсұлтан Назарбаев: Жасампаз дәуір» атты тақырыпта іс-шарамыз 3 бөлімнен  өткізілді.  Бірінші бөлім тәрбие сағаты. Екінші бөлім Елбасымыз жайлы кинофильм көрсету. Үшінші бөлім  Эссе жазу. Іс-шарамыз  ҚР гимнің әнұранымен ашылды. Сауықтыру алаңымыздың  демалушы балаларға  Тұңғыш Президенті  жайлы  сауықтыру алаңының жетекшісі А.С. Айтлеуова толық мағлұмат беріп, тәрбие сағатын өткізді.  Елбасы, Бірінші Президенті, қарапайым жұмысшыдан мемлекет Басышысына дейін жеткен, әлемге әйгілі саясатшы Н. Назарбаевтың жарқын да таңғажайып өмір жолы туралы туралы айтып өтті. Президент туралы слайд-презентация көрсетілді.  Балалар Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаянын кинофильм арқылы тамашалады.  Әр бала елбасымыздың  халқымызға жасаған жақсылықтары жайлы өз ойларын айтты. Президентіміздің өмірі жас ұрпақ үшін үлгі болып табылады, жетістіктері халық пен дүниежүзілік қауымдастық тарапынан зор құрмет пен сенім тудырады. Іс-шара соңында 5-7 сынып оқушылар арасында Егер мен президент болсам? эссе жазудан сайыс өткізіліп, үздік жазылған деп танылған  оқушы марапатталды.

          

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 205 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 24.06.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

«Балдәурен» сауықтыру алаңында жоспарға сай 19  маусымда тәрбиеші Шубаева Н.Т.  ұйымдастыруымен Жайдарман КВН топтар арасындағы сайыс өткізілді.

Қалжыннан несіне сескендің,

Қазағым әзілмен көшкен жұрт

Күлкіге шөлінді қандырар,

Жайдарман клубына қош келдің!-

Балдәурен сауықтыру алаңында өткізгелі отырған, жайдарман ойынына қош келдіңіздер!

Өнер көрсететін өнерпаздар сіздерге өнердің түрлері  және өнер арқылы  ел  алдына  қалай  шығу  керектігін - әдемі әзілмен, үйлескен ұйқаспен, күлкілі  көрініспен, жақ ашар жаңалықпен жеткізеді деген сенімдемін.

Әр топтың көрсеткен көріністері бір-бірінен асып түсті. Әсіресі «Ұлан» тобының көрсеткен көріністері казіргі заманға сай.

      

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 187 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 24.06.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

1-4 топ оқушыларының  «Лагер аруымен жігіті 2019» сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі ұл- ертенгі әке, бүгінгі қыз –ертеңгі ана. Сол септен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет- ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда ұл –қыздарымыз көп біліп, өз көтереді деп ойлаймын.  Сайыстын бағдарламасы: 

1.«Мен қазақтың ұл-қызымын» өзін-өзі таныстыру.                                                                                                                  2.«Өнерлінің өрісі кең» өз өнері                                                                                                                                                    3.«Кім жылдам» - қағаздаң гүл жасау қыздар, ұлдар кір тасын көтеру.                                                                                       4.Әсемдік жарасады» сән үлгісін көрсету  

                                                                                                       

 

Оқылған саны: 164 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 24.06.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

Тауарды нарыққа жылжыту жүйесіндегі маркетингтің классикалық тұжырымдамасында жарнаманы ең бірінші орынға қояды. Ол болашақ сатып алушылардың санасы мен назарына тауарлар мен қызметтер туралы маңызды фактілер мен мәліметтерді жеткізу үшін көркем көрсетілген нысанда қысқа және нұсқа түрінде ұсынылады.                                                                                                                                          Жама берудің екі тәсілмен беріледі:                                                                              -жарнама беруші жарнаманы өзін дайындап, содан кейін оны басып, халыққа ұсынады;                                                                                                                                            -жарнама беруші жарнама мақсатын атап көрсетіп, жарнама агенттіктеріне және агенттеріне тапсырыс береді. Олай болса әр топтың дайындаған жарнамаларын тамашалайық.                                                                                                                                   1. «Жұлдыз» тобы   (құлпынай)                                                                                                     2. «Күншуақ» тобы  (банан)                                                                                                          3. «Ұлан» тобы  (алмұрт)                                                                                                              4. «Шапағат» тобы (алма)                                        

Оқылған саны: 146 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 24.06.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

«Алау болып жанамыз,

Жеңісті біз аламыз»,-

Деп келіпті бишілер

Қуана қарсы аламыз!

Би - музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс - әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім - әсерлері.  Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл - бимен бейнелеу көне дәуірдегі өмір талабынан туды. Келе - келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты.

Би десе барын салатын,
Құмары содан қанатын.
Биле, кәне, достарым,
Кезекті сізге жолдадым – деп әр топтың дайындаған флеш-моб биі
.

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 152 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 24.06.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

15 маусым күні «Қауіпсііз жаз» акциясы бойынша балаларды Сәтбаев қаламыздағы Өрт сөндіру бөліміне апарылды. Өрт сөндірушілер адамды қалай құртқару, өрт сөндіру, өрт кезінде киетін киімдеп мен құрал-жабдықтары жайлы мәлімет берді.

   

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 199 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 18.06.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

   

Дәрежесі: Республикалық іс шаралар | Оқылған саны: 175 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 14.06.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

1 2 3 ... 17 18 »
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2020  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Copyright MyCorp © 2020
Используются технологии uCoz