Сб, 27.04.2024, 12:28
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Кітапхана туралы

№27 ЖОББМ 2016 - 2018 жылдарына 
арналған мектеп кітапханасының 
 жоспары

       Білім беру «Қазақстан – 2030»  ұзақ  мерзімді  Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру №реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.
     Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы қажет. Осыған орай еліміздегі бірден  бір руханият ордасы – мектеп кітапханасының рөлі зор. Білім сапасының жаңа жетістіктеріне қол жеткізетін маңызды ақпарат ресурстар орталығы ретінде мектеп кітапханасының кітапханалық кеңістікте алатын орны ерекше. Мектеп кітапханасы біріншіден, оқу үрдісін қажетті ақпараттармен және құжаттармен қамтамасыз ететін болса, екіншіден, ол арнаулы кітапхана, үшіншіден, ол сол мектептің барлық педагогикалық ұжымын, мектеп оқушыларын мектеп бағдарламасына қосымша және бағдарламадан тыс ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, көпшілікті кітапхана қызметімен байланыстырады. «Кітапхана дүниедегі ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі», осынау білімнің тұнық та мөлдір көзінен шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған мектебіміздің кітапханасында оқушыларды заман талабына сай ақпараттық технологиямен, ғаламтормен жұмыс жасауға бейімдеп, казіргі заманға сай оқушылардың ой – өрісін дамытатын  біздің рухани байлығымыз, жан азығымыз, құнды мұра кітапты қызыға оқуға оқушыларды бағыттау. Бағыттау үшін мектеп кітапхана жұмысының мақсаты мен міндеттерін айқындап аламыз.

Кітапхана жұмысының мақсаты

     Мектеп кітапханасының алдында тұрған мақсаттарының бірі – білім беру үрдісі субъектілерінде оқушылар бойында анықтамалық библиографиялық және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру негізінде кітап оқуға қызығушылығын арттыру, кітап оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту, ой - өрісін дамыту, рухани байлығын толықтыру, шығармашылық қабілетін арттыру жолымен жан – жақты жетілген жеке тұлға тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Сәуір 2024  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz