Сб, 27.04.2024, 14:08
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Міндеттер

Мазмұны

  1. №27 жалпы орта білім беретін мектебі
  2. Оқушының міндеттері
  3. Ата-аналардың міндеттері

 

№27 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІНІҢ МІНДЕТТЕРІ


Оқушыларға білім беруді дұрыс ұйымдастыру мақсатымен мектеп өз тарапынан (материалдық) жағдай жасау міндеттенеді. Атап айтқанда:

  1. Сынып бөлмелерімен қамтамасыз етуге, пән кабинеттерін белгілеуге;
  2. Кітапхана, асхана, зертханалар, спорт залы, спорт алаңдарын жабдықтау;
  3. Оқу үрдісін ұйымдастыруға байланысты техникалық құралдармен қамтамасыз етуге;
  4. Компьютерлік сыныптарды жабдықтауға;
  5. Сынып бөлмелерінде парта, тақта, орындықтар, оқу-әдістемелік құралдарына арналған шкафтардың жеткілікті болуын қадағалауға;
  6. Спорт залын жабдықтауға;
  7. Мектеп ғимаратының есік, терезелерінің бүтіндігін, жарық, жылу жүйелерінің, коммуналдық қызметтің мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
  8. Асхананы жабдықтап ыстық тамақ ұйымдастыруға;
  9. Көп балалы ата-аналардың балаларына тегін жолақы билетін, бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастыруға;
  10. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына материалдық көмек көрсетуге;
  11. Жетім оқушыларға жағдай жасау. Тегін ыстық тамақ, жолақы билеті, материалдық көмек және т.б.
  12. Мектеп ғимараты ауласы алаңдары жабдықтарының бүтіндігі мен тазалықтарын сақтауға;
  13. Оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастыруды дұрыс жолға қою мақсатында педагогикалық ұжымды қалыптастырып, кадрлармен қамтамасыз етуге;
  14. Оқу-тәрбие жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отырып, сабақ кестесіне сәйкес әрекет жасауға;
  15. Әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жеке тұлға болуға қалыптастырып, оқушылардың жеке басын сыйлауға, қарым-қатынаста дөрекілікке жол бермеуге;
  16. Оқушылардың жанұяларымен, ата-аналарымен тығыз байланыста болу, мәдениетті, сыпайы қарым-қатынас орнатуға, оқушыны, ата-ананы жеке тұлға ретінде құрметтеуге;
  17. Мүмкіндік болған жағдайда оқушының, ата-аналардың талап-тілектерімен санасуға;
  18. Кез-келген оқушыға, ата-анаға құрметпен қарауға, кемшілігі болған жағдайда байыппен түсіндіруге.


Оқушының міндеттері:


  1. Оқу жылы бойына себепсіз сабақтан қалмауға;
  2. Сабаққа ұқыпты қатынасып, үй тапсырмасы үнемі орындап отыруға, қосымша білімін көтеруге;
  3. Мектеп бағдарламасымен шектеліп қана қоймай, ізденіп ғылыми жұмыстарды орындауға, мүмкіндігіне қарай олимпиада, конференцияларға қатынасуға;
  4. Қабілетіне, қызығушылығына қарай түрлі үйірмелерге қатынасуға, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға;
  5. Мектеп мүлкін, басқа жабдықтарын сақтауға, бүлдірмеуге, ластамауға бүлдірген жағдайда шығынның орнын толтыруға (ата-анасының көмегімен);
  6. Мектеп және қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстауға, дөрекіліктен аулақ болуға;
  7. Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге;
  8. Жасы кішіге, әлсіздерге, жаңадан келген оқушыларға үстемдік, өктемдік жасамауға;
  9. Мектеп барлық мұғалімдерімен, мектеп арнайы келген қонақтарымен, техникалық қызметкерлермен таныс болмаса да сәлемдесіп жүруге;
  10. Мектеп ережеге сәйкес формасын сақтауға және мектеп ішіне екінші аяқ киім киюге;
  11. Барлық уақыттарында орыс тілінде сөйлемеуге, мектепте сағыз шайнамауға,, «жаргон» сөздерді қолданбауға;
  12. Темекі шегу, насыбай, алкогольді ішімдіктерден, нашақорлықтан аулақ болуға;
  13. Мұғалімнің үйге берілген тапсырмасын бұлжытпай орындауға;
  14. Мектеп ішіне ұялы телефон телефон ұстамауға, ұстаған жағдайда оқу-тәрбие үрдісінің жүйелі өткізілуіне кедергі жасамауға.

 

Ата-аналардың міндеттері:


  1. Ата-аналар өз балаларын мектеп орналастырып, қажетті құжаттарды реттеп, оқу жылының басынан аяғына дейін оқуын қамтамасыз етуге;
  2. Оқуға қажетті құрал-жабдықтармен, мектеп формасымен, жетіспеген оқулықтармен қамтамасыз етуге;
  3. Мектеп мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен тығыз қарым-қатынас жасауға;
  4. Баланың өз мектебін сүюге және мектеп құрал-жабдықтарын, мүліктерін бүлдірмей ұстауға тәрбиелеуге, бүлдірген жағдайда шығынды материалдай немесе ақшалай төлеп орнына келтіруге;
  5. Ата-аналар өз балаларының себепсіз сабақтан қалмауын қадағалау, бос уақытында немен айналысатынынан хабардар болуға, қадағалауға, дос-жолдастарын білуге;
  6. Баласының хал-жағдайынан әр уақыт хабардар болуға , бағаларын, тоқсандық, қорытынды бағаларын біліп тұруға;
  7. Мектеп әкімшілігімен, мектеп ұжымымен, сынып жетекшілеріменмәдениетті, сыпайы қарым-қатынас жасауға, дөрекіліктен аулақ болуға, баланың көзінше ұстаздарды балағаматтауға, реніші болса жеке сөйлесуге;
  8. Бала ауырып жатқан жағдайда немесе басқа дәлелді себеппен қалған жағдайда жедел түрде мектеп хабарласуға, дәрігердің қабылдауында болған жағдайданемесе ауруханада жатқаны туралы анықтама қағазы болуын қамтамасыз етуге;
  9. Мектеп оқу-тәрбие жүйесінің жүргізілуіне сабақ үстінде ұялы телефонын қосып немесе ойынын ойнап кедергі жасамауына үнемі ескертіп отыруға;
  10. Мектеп талаптарын білуге, құрметтеуге оны орындауға және ықпал етуге.
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Сәуір 2024  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz