10 – қараша күні мектебімізде 8-10 сыныптар арасында «Күз аруы -2017» байқауы өтті. Байқауға қатысушылар 4 кезең бойынша сайысқа түсті.
1 кезең/ Таныстыру
2 кезең/ Үй жұмысы (қолөнер)
3 кезең/ Өз өнері
4 кезең / Сән үлгісі (дефиле мода)
Сайысқа 7 ару қатысып, бас жүлдеге 8 «Ә» сынып оқушысы Низамиддинова Диана ие болса, І орынға 10 «Ә» сынып оқушысы Асқарова Жұлдыз, ІІ орынға 8 «А» Қаратай Еркежан, ІІІ орынға 9 «А» сынып оқушысы Жылқайдарова Аружан ие болып, ал сайысқа қатысушы өзге аруларымыз «көрікті ару», «сүйкімді ару», «өнерлі ару» номинацияларымен марапатталды. Сайысқа қатысқан оқушылар түрлі сындардан өте отырып, көпшілік алдында өздерін ұстау, жүріп-тұру, яғна сахна мәдениетін үйренді. Сайысты тамашалауға келген ата-аналар әділқазылар алқасының әділдігіне, арулардың өнерлеріне разы болып, алғыстарын айтып тарқасты.Келешекте осындай сайыстарды көптеп өткізу арқылы өскелең ұрпақты ізденімпаздыққа, ізеттілік пен алғырлыққа баулуға болатындығына көз жетті. Қатысушыларымыз бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.Кеш көңілді де тартымды болды.
|