Сәтбаев қаласындағы №27 жалпы білім беретін мектебінде дәстүрлі бастауыш сыныппен қоштасу кеші өтті. Кеш «Қош бол, бастауышым - балбұлағым» - деген атаумен үш сыныптың арасында ұйымдастырылды. Онда әр сынып жеткен жетістіктері бойынша көрмелер ұйымдастырып, әр оқушы еңбек , бейнелеу сабақтарында жасаған шығармашылық жұмыстарымен таныстырды. Халқымыздың ұлттық билері биленіп, әндер шырқалды. Атап айтқанда «Қара жорға» , «Көкейкесті», балалар биі биленді. Оқушылар өздерінің бүгінгі кештерін еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнайтынын айтып әндермен шашу шашты.
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі
Бастауышта білім алған өзіңнен
Күллі шәкірт саған басын иеді – деп оқушылар мәнерлеуден жарыс ұйымдастырды. Әрбір жетістігінен бір көрініс жасап марапаттарын мақтаныш ете отырып, бастауыш ұстаздарына алғыстарын жеткізді. Кеш соңында оқушылар:
Дәріптеуге тілімді
Құрметтеугі дінімді
Тәртіпті де білімді
Болуға мен ант бердім. – деп өз сынып жетекшісіне сөз берілді. Ал сынып жетекшілер оқушыларына «Қыран түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» - деп «Сенім сертификатын» табыс етті. Кеш соңында мектеп басшысы Киянова Замзагул Ертаевна сөз сөйлеп бастауыш сынып түлектеріне сәт сапар тіледі.






|