Дс, 06.05.2024, 11:08
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Құттықтау

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Сәуірдің алғашқы күні Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында инабаттылық пен ізгілікті насихаттау мақсатында "Қазақтың келіндері-ай" атты қалалық келіндер байқауы болып өтті. Қазақтың келіндері ұлтымызға тән салт-дәстүрді, әдеб-ибаны барынша көрсетті. Байқау 5 деңгейден тұрды. Нәтижесінде, мектебіміздің ұстазы Гүлзия Мауленова бас жүлдені ұтып алды. Жүлдегерге "Жұмбақтас" санаториіне демалысқа 2 адамдық жолдама берілді. Жеңімпаздарға еңбектері жанып, табыстары тасқындай берсін деп тілейміз!

Оқылған саны: 370 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 05.04.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Осы жылдың наурыз айында «Жастар спорт сарайында» Сәтбаев, Жезқазған, Қаражал, Ұлытау өңірінің қоғам қайраткері және құрметті азаматы М.Ж.Көпеевке арналған 18-ші аймақтық шахмат турнирі өтті. Осы шахмат турниріне мектебіміздің озат оқушысы, мақтанышы, көптеген облыстық, қалалық сайыстардың жеңімпазы Құлыбек Қазыбек тағы да мектебіміздің атын облыс деңгейіне шығарды. Мектеп жеңімпазына ұялы телефон сыйға берілді. Құлыбек Қазыбек әлі де биік шыңдардан көрінетіне сенеміз!

Оқылған саны: 312 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 05.04.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Қарағанды қаласында өткен "Алаш Орда мұраты және Тәуелсіздік тағылымы" атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясында III дәрежелі дипломға ие болған 9 "Ә" сынып оқушысы Құдайбергенов Ильхамды және жетекшісі Амантаева Жанат Еламановнаны құттықтаймыз!

   

Оқылған саны: 300 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 20.12.2017 | Түсіндірмелер саны (0)

Құттықтаймыз!

6 желтоқсан күні «Сәтбаев қаласының оқушылар сарайы» КМҚК ұйымдастыруымен өткен «Не? Қайда? Қашан?» атты қалалық  интеллектуалды ойынында мектебіміздің оқушылары ІІ орынға ие болды. Жеңісті күндеріміз көп болсын!!

Оқылған саны: 236 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 20.12.2017 | Түсіндірмелер саны (0)

 

 

Қазақтың әйгілі жазушылары, қоғам қайраткерлері

Ғабит Мүсірепов пен Ғабиден Мұстафиннің

115 жылдығына арналған аймақтық

көркемсөз оқу шеберлері байқауында

І орын алған мектебіміздің

10А сынып оқушысы Мұқаш Ұлболсынды

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Оқылған саны: 381 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 19.05.2017 | Түсіндірмелер саны (0)

"Сәтбаев қаласының білім бөлімі" ММ және Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі ұйымдастыруымен өткен Жас жол инспекторлары жасақтарының ХVІІІ қалалық слетінде үгіт-насихат топтарының байқауында мектебіміз жүлделі

ІІ орын алды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 

     

Оқылған саны: 393 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 04.05.2017 | Түсіндірмелер саны (0)

Қыздар арасында волейболдан қалалық турнирде ІІІ орын, көңілді эстафетадан ІІ орын алған мектебіміздің құрама командасын құттықтаймыз!!!

   

Оқылған саны: 335 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 05.04.2017 | Түсіндірмелер саны (0)

    

Мемлекет және қоғам қайраткері, Жезқазған,Сәтбаев Қаражал қалалары мен Ұлытау ауданының Құрметті азаматы Мұхамбет Жұманазарұлы Көпеевтің жүлдесіне арналған мектеп оқушылары арасында XVII аймақтың шахмат турнирінде І орын алғаны үшін Құлыбек Қазбекті құттықтаймыз!!!

Оқылған саны: 343 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 24.03.2017 | Түсіндірмелер саны (0)

 

 

 

8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектебіміздің ер мұғалімдері салтанатты жиын ұйымдастырды. Жиын барысында мектеп директоры құттықтау сөз алып, кәсіподақ ұйымының мақтау қағазымен бір қатар мұғалімдер мен кіші қызметкерлерді марапаттады. Атап айтқанда, бастауыш сынып мұғалімі Джунусова Зауреш, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Садуақасова Айжан, мектеп асханасының меңгерушісі Дюкулова Фатима, кіші қызметкерлер Жамалова Салтанат, Еркінбаева Зауреш.

Жиын соңында оқушылар әзірлеген ашық хаттар мен ер мұғалімдер атынан естелік сыйлықтар берілді.

Оқылған саны: 334 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 14.03.2017 | Түсіндірмелер саны (0)

 

Мектепаралық 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан "Мектеп Лигасы" қалалық іріктеу кезеңінде жүлделі ІІІ орын алған мектебіміздің құрама командасын және жетекшілері дене шынықтыру мұғалімдері Тулебаев Джамал мен Қуантай Елтайды құттықтаймыз!!!

Оқылған саны: 333 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 04.03.2017 | Түсіндірмелер саны (1)

1 2 3 »
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Мамыр 2024  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz