Сб, 27.04.2024, 19:00
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Ш.Б.Бейсенбекова атындағы "Мектеп шежіресі" мұражайы

«Мұражай – тарих айнасы».

Мектептің тарихын зерделеп, жетістіктерін насихаттау арқылы мұғалімдер мен оқушылардың мақтаныш сезімін оятып, белсенділігін арттыру мақсатында 2003 жылы желтоқсан айында мұражай ашылды. 
Мектеп ұжымының, түлектерінің ұсынысымен, қала басшысының және білім басқармасының қолдауымен 2006 жылы мектеп мұражайына көп жыл басшылық еңбек еткен ардагер ұстаз «Ы.Алтынсарин атындағы» және «Ерен еңбегі үшін» және «Алтын алқа» медальдарының, «Ана даңқы» орденінің иегері, Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі, Социалистік жарыстың 4 жыл қатарынан жеңімпазы, «Оқытушы әдіскер» атағының, ҚР Білім Министрлігінің Құрмет грамотасының, «Еңбек ардагері» және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалдарының, «Күміс алқа» белгісінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткен табыстары және гүлденуіне қосқан үлестері үшін Құрмет орденімен марапатталған, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, жоғары санаттағы оқытушы, ұстаздардың ұстазы Шабал Бейсенбекқызының есімі берілді. 
Бүгінгі күні мұражайдың іші Шабал Бейсенбекқызының жемісті еңбек жолы жайлы құнды деректермен безендірілген, өнегелі ғұмырын бейнелейтін экспонаттармен толыға түсуде. Бір айта кетерлігі, мұғалімдер мен оқушылардың талабын ұштауда белсенді жұмыс атқарып тұр. Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу ғасырында жоғары деңгейде сапалы білім беру мәселесін іске асыру жайы біздің мектебімізде де терең талқыланып, жұмыстар жүргізіліп келеді. Осындай жаңару, жаңғыру процесінде мұғалімдердің іс-тәжірибелері методикалық кеңесте талқыланып, озық дегендері сол Шабал Бейсенбекқызы мұражайына қойылады. Өнер, ғылым салаларындағы, халықаралық дәрежедегі спорт сайыстарында жетістікке жеткен оқушылардың да жұмыстары мұражайдан орын алған. Мектептің қанша жылғы жетістіктері сап түзеген сөрелерде өз еңбектерінің қойылуы мектебіміздегі әрбір мұғалім, әрбір оқушы үшін зор мәртебе.
Мұражайда Ш.Бейсенбекқызына арналған бұрыштар бар. «Мектеп шежіресі» мұражайында Ш.Бейсенбекқызының өмірбаяны, еңбегі, қызмет еткен жылдардағы марапаттаулары бар. Мұражайда мектеп тарихына қатысты, онда еңбек еткен ұлағатты ұстаздар, үздік бітірген түлектер жайлы фотосуреттік, құжаттамалық топтамалар жинақталған. Мектеп тарихынан сыр шертетін стендтер орналасқан. Олар: «Жапырағын жайған бәйтерек, Тереңге тартқан тамырын», «Өнерпаз болсаң әрқалам», «Өткен күндер», «Біздің түлектер», «Спорт сенің серігің», «Ұстаз – шәкіртімен мақтанады», «Өмірі мен қызметі көпке үлгі», «Түлектер - мақтанышымыз» т.б.. Мұражайда Кеңес Одағы кезіндегі мектеп атрибуттары, сол кездегі сынып журналдары, сарғайып көне тартқан мектептің құнды құжаттары сақтаулы.

  
Одан бөлек мұражайда «Жас келіндерге кеңес», «Ізеттілік» сияқты тақырыптарда сырласу сабақтары, кездесулер өткізіліп тұрады. Жасөспірімдер, қыз бала тәрбиесіне қатысты тақырыптар ортаға салынып, онда осы мәселеде кемшілікке жол беріп жүрген ата-аналарға ақыл-кеңестер беріледі. Мұражай ішінде талқыланған тәрбие мәселесі жақсы нәтиже бергенін айт кету керек. Мұражайда лекциялар, дөңгелек үстелдер, қаламыздың құрметті азаматтарымен, ауған соғысы ардагерлерімен қызықты кездесулер өтеді. Әрбір өткізілген іс-шараларға қорытынды жасалынып, мақала ретінде жергілікті «Шарайна» газетінің беттеріне шығады.
Жыл сайын Ш.Бейсенбекқызының туған күні орай мектеп мұражайында кездесу кеші ұйымдастырылып отырады. 2017-2018 оқу жылының наурыз айында алғаш рет Ш.Бейсенбекқызы атындағы «Ұрпаққа ұлағат» тақырыбында педоқу ұйымдастырылды. Мақсаты: Болашақтың іргетасы – бәсекеге қабілетті жас ұрпақты білім мен тәрбие негізіне бағыттау тәжірибесімен бөлісу. «Ұрпаққа ұлағат» тақырыбында педоқу мектеп мұражайында өтті. Мұражай әрбір мерекелік жиындар, қала көлеміндегі, облыс, республика көлеміндегі жетістіктер мұражайда тұрған теледидар арқылы келген қонақтарға көрсетіледі. 
Жыл сайын мектеп мұражайы толығып, материалдар жинақталып жатады. Мектеп түлектері қолтаңбалары, мектептің озат түлектерінің фотолары, мектеп өміріндегі айтулы оқиғалар жинақталып, тарихымыздан сыр шертеді. 
«Мектеп шежіресі» мұражайы келешек ұрпақтың өсіп-өркендеуіне септігін тигізетін алтын қорға толы мұражай екеніне кәміл сенімдімін. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.

Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Сәуір 2024  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz