Жм, 19.04.2024, 08:53
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2016 » Желтоқсан » 3 » "Бала құқығы –адам құқығы" атты онкүндік болып өтті
15:09
"Бала құқығы –адам құқығы" атты онкүндік болып өтті

"Бала құқығы - адам құқығы”  атты онкүндік іс-шара құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Оған мектеп оқушылары түгел қатысты. Әрбір сыныпта “Бала құқығы - асыл қазына” атауымен тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушыларға өздерінің құқықтары жайлы кеңінен мәлімет берілді.

 Қарашаның 21-і  жұлдызында мектебімізде 9- сынып оқушыларының ұйымдастыруымен  «Бала құқығы —  асыл қазына тақырыбында  ашық линейка

  І ауысым мен ІІ ауысымда өтті.

22 қараша күні «Бала-біздің бақытты болашағымыз» атты  шығармалар  байқауын қазақ тілі мұғалімі Г.Қазанбаева  ұйымдастырды. 6-7-сыныптар арасында шығармалар байқауында І орынды 7- сынып оқушысы Низаметдинова Диана, ІІ орынды 7-сынып оқушысы  Өтепова Қарақат, ІІІ- орынды 6-сынып оқушысы Асылбекова Д  иемденді.

«Мен өмірді сүйемін» атты суреттер галереясын қарашаның 23-нде  4-5 сынып оқушылары ұйымдастырды. Байқау барысында Іорынды 5 «А» сыныбы,ІІ орынды 4 «Ә» сыныбы,ІІІ орынды  4 «Б» сыныбы жеңіп алды.

Онкүндік барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Ержанова мен психолог Р. Алиева «Ата-ананың өмірге көзқарасы» атты тақырыпта сыр-сұхбат алды. Мектеп психологымен ашық әңгімелесіп,  ата-аналар да ойларын ортаға салды. Ата-аналар көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауап алды.

 Қарашаның 25-і «Құқық — өмір айнасы» тақырыбында бастауыш сынып жетекшісі Р.Апшөкенова  тәрбие сағатын өз мәнінде өтті. Бұл тәрбие сағатында бастауыш сынып оқушыларына құқықтық білім берді.

Мектеп инспекторымен қарашаның 26-ы арнайы кездесу өтті. Кездесу  барысында оқушыларды толғандырған сұрақтарға толымды  жауап қайтарып, өзара пікір алмасылды. Жасөспірімдер инспекторы қойылған сұрақтарға өз атынан «Сенің құқығың — менің құқығым» атты  парақшалар таратты.

 Қарашаның 28-і «Құқық ұғымын біз қалай  түсінеміз?» тақырыбында құқық пәнінің мұғалімі Ж. Амантаева 8-сыныптар арасында танымдық сағатын ұйымдастырды. Лекторийдің мақсаты -жеткіншектер мен жасөспірімдерді еліміздің заңдарына және халқына құрмет сезімін тәрбиелеу,құқықтық біліммен қаруландыру, оны насихаттап жүруге үйрету.

Ал, қарашаның  29-ы жоғары 10-11 сынып арасында  «Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз» тақырыбында жоғары деңгейде тағылымды шара өткізіп, бейне- фильм көрсетті.       

   Қарашаның 30-ы  8 «А» сынып жетекшісі А.Омарованың ұйымдастыруымен өткен «Адам құқығы  бала құқығын қорғаудан басталады» атты дөңгелек үстелде             8- сынып оқушылар осы кезге дейін алған білімдерін ортаға салып,  ерекше белсенділік танытты.

«Өз құқығың жайлы көбірек біл, жас дос!» атты іс-шара қорытындысын мектеп сайтына орналастырдық.

Категория: Мектептегі іс шаралар | Просмотров: 2684 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2016  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz