Жм, 26.04.2024, 01:49
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2017 » Қазан » 20 » Денсаулық күніне орай ұйымдастырылған іс-шара
10:09
Денсаулық күніне орай ұйымдастырылған іс-шара

    Адам баласының ең қажетті құндылықтарының бірі-денсаулығы. Денсаулық зор байлық. Адам күш –қайраты, бар жақсы қасиеттерді спортпен шұғылдану арқылы жанына серік ете алады. Мектебімізде «Денсаулық фестивалі-2017 » мерекесі жоғары дәрежеде өтті. Күн тәртібіндегі бағдарлама бойынша іс-шарамыз таңғы сергіту жаттығуларын жасаумен басталды.
Мектебіміздің 1-қабатына бастауыш сынып мұғалімдері «Дені сау ұрпақ- дені сау болашақ» тақырыбында денсаулық бұрышын жасап, бастауыш сынып оқушыларына денсаулықтың маңызы жайлы түсінік берді. Мектеп медбикесі Ишанова Г ұйымдастыруымен «Дені саудың-тәні сау» тақырыбында 8-сынып оқушыларына денсаулық сағаты өтті. Денсаулық сағатының мақсаты: денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру. Адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.

      Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі К.Серикова мен тәлімгер М.Абдильманованың ұйымдастыруымен «Біз дені сау ұрпақпыз» атты үндеу парақшаларын қала тұрғындары мен мектеп оқушыларына таратты.

     Сонымен қатар, жоспар бойынша денсаулық тақырыптарында сыныптарға тәрбие сағаттары мен дебат өтіп, қазақ әдебиеті сабағынан 7-сынып оқушыларына «Біздің болашағымыз – өз қолымызда» атты эссе жазылды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.Қуантай ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар арасында «Көңілді мәре» сайысында әртүрлі ойындар жүргізіліп оқушылар белсене ат салысты.

Категория: Мектептегі іс шаралар | Просмотров: 858 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Қазан 2017  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz