Бс, 25.04.2024, 19:53
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2017 » Қазан » 20 » «Мен өз елімнің патриотымын»
09:34
«Мен өз елімнің патриотымын»

Білім күніне арналған іс-шараны музыка пәнінің мұғалімі Сейтбек Алтынбек  «Ұстазым» әнімен ашты. ҚР-ның Мемлекеттік Туын әкелу құрметі 11 «Ә» сыныбының оқушысы,  облыстық, қалалық шахматтан бірнеше дүркін І орын жүлдегері, оқу озаты,  қоғамдық жұмыстардың белсендісі Құлыбек Қазбек, 11 «Ә» сыныбының оқушысы, «Шапағат» өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі,биология  пәні бойынша қалалық ғылыми жобалар сайысының бірнеше дүркін жеңімпазы Жылқайдарова Алтынай, 11 «Ә» сыныбының оқушысы,  қоғамдық жұмыстардың белсендісі Сейтбатталов Аспандиярға берілді.

Білім күніне арналған салтанатты жиынымыздың алғашқы құттықтау сөзі және былтырғы оқу жылының қорытындысы бойынша оқуда озат болған оқушыларды марапаттау құрметі мектеп директорының міндетін атқарушы Капарова Руслана Оңқонысқызына  берілді.

Іс-шараның құрметті қонағы Сәтбаев қаласының әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы- Досжан Бауыржан Жұманұлы қуанышты сәтті бірге бөлісті.

Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған бүлдіршіндер өзінің алғашқы ұстазына ақ тілегін арнаса, мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас балғындарды құттықтау үшін 11 сыныптың оқушыларына сөз берілді.

Сонымен қатар, ұстаздық жолын енді ғана бастағалы тұрған, оқушыларға саналы  да сапалы жаңартылған білім мазмұнымен сабақ беруге дайындалып «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген қағиданы басты назарда ұстаймыз деген ағылшын тілі пәнінің жас мамандарына сөз берілді.

Құттықтау сөз кезегі 1 сынып ата-аналарының атынан Зағира әжеге, мектебіміздің жоғары санатты тарих пәнінің ұстазы, Қарағанды облысының білім беру ісінің үздігі –  Ж.Қ.Құлмановқа   берілді.

Білім кілтін тапсыру құрметі 11 «А» сынып оқушысы Жылқайдарова Алтынайға берілді. 1 сыныпқа жетекшілік ететін ұстаздар өз сыныбымен ортаға шығып таныстырылды. Алғашқы қоңырау соғу құрметі  11 «Ә» сыныбының оқушысы Құлыбек Қазыбекке, 1 «А» сынып оқушысы Баттал Наргизаға берілді. Білім күніне арналған іс-шаралар өз мәнінде өтті.

Категория: Мектептегі іс шаралар | Просмотров: 372 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Қазан 2017  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz