Бс, 25.04.2024, 11:06
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2017 » Ақпан » 21 » Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай мектебімізде іс – шаралар өтті.
11:53
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай мектебімізде іс – шаралар өтті.

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай мектебімізде іс – шаралар өтті. Оның бірі ауған соғыс ардагерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесу кешіміз ҚР мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Қонаққа ауған соғыс ардагері Әлібаев Берік Арыстанбайұлы келді. Ауған соғысында құрбан болған азаматтарды 1 минут үнсіздікпен еске алдық. Келген қонағымыз басынан кешірген оқиғаларын айтып, оқушылар сұрақтар қойып жауаптарын алды. 7 «Б» сынып оқушылары ауған соғысына байланысты көрініс қойды.

Слайд, бейнебаяндар арқылы оқушыларға тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихы көрсетілді. Іс – шарамыз 9 «Ә» сынып оқушысы Мырзахмет Абылайдың орындауында «Көңіл толқыны» күйімен жалғасты. ДТІЖО Б.З.Абилдинаның сөзімен жалғасып, 6 – шы сынып оқушылары өлең – шумақтарын оқыды. Кездесу кешіміздің соңын 6 «Б» сынып оқушысы Оңғарбай Иманғалидың «Атамекен» әнімен аяқталды.

«Ерлік ешқашан ұмытылмайды» тақырыбында Икишева және Құйқабаеваның жетекшілік етуімен кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.Бұл көрмеде ауған соғысы жылдарына арнап жазылған кітаптар, ауған соғысының ардагерлерінің суреттері, ерліктері жазылған дастандар, әзірлемелер қойылды.

Қортындылай келе мектепте Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына арналып өткізілген іс-шараларға барлығы 522 ге жуық оқушылар ,ата-аналар және ұстаздар қатысты.Мектепте өткен іс-шаралар талапқа сай деңгейде өтті.

Категория: Мектептегі іс шаралар | Просмотров: 505 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Ақпан 2017  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz