Жм, 26.04.2024, 23:30
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2016 » Қараша » 30 » Ұлттық валюта – теңге күніне орай өткен «Теңге –Қазақстанның экономикалық Тәуелсіздігінің нышаны» атты іс-шара
12:46
Ұлттық валюта – теңге күніне орай өткен «Теңге –Қазақстанның экономикалық Тәуелсіздігінің нышаны» атты іс-шара

Ұлттық валютамыздың теңге екені баршамызға белгілі болғанымен, оның айналымға енген күнінен басталған тарихы, сондай – ақ, «Теңге» ұғымының тереңде жатқан тарихын бірі білсе, бірі білмейтіні белгілі.  Міне, осы олқылықтың орнын толтыруды алдымен мектеп оқушыларынан бастағанды жөн көрдік. Қарашаның жиырма  28-і күні мектебімізде 8- сыныптардың қатысуымен «Теңге –Қазақстанның  экономикалық Тәуелсіздігінің нышаны»

 атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел  ұлттық валюта тарихына сыр шертуімен басталып, оқушылардың өзара пікірталасымен жалғасын тапты. Қазақстанның ақша белгісі – теңге. 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Дөңгелек үстел барысында  оқушылар сұрақтарға жауап беріп, теңге туралы білімдерін толықтырды.

Қазақтың өз ақшасы, ұлттық валютасы-теңге  айналысқа шығып, елдің тәуелсіздігінің нығаюына, халықтың және  кәсіпорындардың сеніміне ие болды. Өзінің 23 жыл тарихында тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәмізі екенін дәлелдеп, мемлекеттің қаржы- несиелік саясатына орасан зор ықпалын тигізгендігі туралы айтып өтті.Қазіргі кезде айналыста  қолданылып жүрген  банкноттар жайы сөз болды.Тиын ақшаларды жасаудағы мүсіншілердің еңбегі айтылып , тиындардың да  айтулы мәдени мұраларды есте қалдыру мақсатында кеңінен қолданылатынын ашып көрсетті.Қазақ тілі пәні мұғаліміД.М.Ержанова  сондай-ақ ақшағақатысты логикалық есептерден де сұрақтар қойып, туындаған жағдаяттардан шығу жолдарын оқушылармен бірлесе отырып шешті. Дөңгелек үстел барысында   көріністерден  үзінділер оқылды, сол мәтіндердің шешімін оқушылар ақшаның құнын бағалай алатынын немесе бағалай алмайтындықтарын  көрсетті. Сондай-ақ ақша, пұл, байлыққа байланысты халық ауыз әдебиетінің бір түрі мақал-мәтелдерден де жарыс болды. Мұғалім бастаған мақалды оқушы аяқтады.            

Дөңгелек  үстелдің қорытындысы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқталды:  «Теңге – еліміздің тәуелсіздігінің нақты белгісі. Қазақ теңгесі халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байып өркендеуіне әр уақытта қызмет етсін!»

Категория: Мектептегі іс шаралар | Просмотров: 1817 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2016  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz