«Оқуға деген қызығушылықты оятудағы жаңаша әдіс-тәсілдер» тақырыбында семинарды үшінші деңгей бойынша сертификатталған ағылшын тілі мұғалімі Баймуханова Ж.М., бастауыш сынып мұғалімі Айтлеуова А.С., тарих пәнінің мұғалімі Амантаева Ж.Е., математика пәнінің мұғалімі Дүкенбай Ж.Д. ұйымдастыруымен өтті. Семинарға мектептің 25 мұғалімі қатысты. Семинар бағдарламасында психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру, топқа бөлу әдістері, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, рефлексия мен бағалаудың бірнеше түрлері қамтылды.
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында шеңберге тұрғызылып, «Сатамын және сатып аламын» тренингімен басталып, «Атомдар мен молекулалар» әдісі бойынша топқа бөлінді. Топтар өздеріне «Тапқырлар-1», «Тапқырлар-2» және «Жұлдыздар» деп атау берді. «Санадағы кинофильм» әдісі бойынша сын тұрғысынан ойлау стратегиясына байланысты «Бүркіт пен оның балапандары» атты аңыз оқылды, топтардың жауаптары тыңдалды, аңыздың түпнұсқасымен салыстырылды. Осы тапсырмадан соң рефлексия жасау үшін «Аквиватор-1, 2, 3» стратегиясы қолданылды. Бағалау үшін «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз» тәсілі бойынша жұмыс жүргізілді. Сергіту сәтінде “Алыптар мен ергежейлілер” әдісі өте жақсы орындалды. Мұғалімдер де балаша сергіп қуана орындап шықты.
Топқа бөлуде «Тәтті кәмпиттер» әдісі бойынша тақырыптық мақал-мәтелдер тәттілерге оралып ұсынылды. Отбасы, дос, білім тақырыптарына берілген мақалдар бойынша топтасып, атауын жазып қойды. Семинарға келген мұғалімдер «Құпия» әдісі бойынша «Болашақтағы білім» ұғымының құпиясын ашу үшін постермен жұмыс жасады. Рефлексия жасауда «Рефлексиялық нысана» әдісі қолданылды. Онда жұмыс жасау ниеті, көңіл-күйі, жұмысқа қабілеттілігі, материалды түсінуі сияқты критерийлерге 0-5 аралығында ұпады белгіледі. Бағалау кезеңінде «Шынығу» әдісі бойынша топтар өзара бір-бірін бағалап шықты. Семинарға рефлексия жасау үшін «Индекс карточкалары» атты әдіс қолданылды. Стикердің 1 бетіне өзіне ұнаған әдіс-тәсілдерді, ал келесі бетіне туындаған сұрағын жазып конвертке салды. Семинарды қорытындылай келе, тілектер жазылған слайд көрсетіліп, семинар өз мақсатына жетті.
|