Бс, 28.03.2024, 14:27
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2017 » Ақпан » 2 » «Оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беру жолдары» атты семинар-тренинг
15:30
«Оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беру жолдары» атты семинар-тренинг

  31  қаңтар  күні  7 «Ә» сынып жетекшісі Серикова.К және 7 «Б» сынып жетекшісі Ибраева.М ұйымдастырумен сынып жетекшілерге арналған «Оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беру жолдары» атты  семинар-тренинг өткізілді.Мақсаты: Қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайларын жақсарту, бір-бірімен жақсы қарым -қатынас орнату. Шығармашылық қабілетті әрі қарай дамыту. 5-11 сыныптардан 13 сынып жетекшілер қатысып, өздерінің заманауи сынып жетекші яғни, шығармашыл,ертеңіне сенімді, ғылыми-танымы жан-жақты дамыған заман талабына сай тәрбиеші екендігін семинар-тренинг барысында дәлелдеді. Семинар-тренинг жоспарына сәйкес әртүрлі жаттығулар өткізілді. «Амандасу» тренингінде мұғалімдер ортаға шығып,Бумба-Юмба тайпасының дәстүрі бойынша амандасты және сынып жетекшілерге «Қайырымдылық ең жақсы байланыс!» атты бейнебаян көрсетілді.Бейнебаянға байланысты сұрақтар қойылып,өз ойларын ортаға салды. 

«Ашулы шарлар» атты психологиялық тренинг жүргіліп,шарлар арқылы ашудың түрлері және оларды қалай бақылау керек екендігі жайлы кеңестер берілді.Сонымен қатар ой толғау «Мен үйдемін» және «Мен жұмыста,сергіту сәті, «Адамгершілік ағашы» атты бірнеше тренингтер жүргізілді.

Тренинг-сабақ қойылған мақсатына жетті. Мұғалімдер сабақта ұсынылған барлық ойындар мен жаттығуларға қызығушылықтарын танытып, белсенді қатысты.  Сабақ аяқталған соң қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп рахметтерін айтты.

    

Категория: Мектептегі іс шаралар | Просмотров: 509 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Ақпан 2017  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz