Жм, 29.03.2024, 05:31
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2016 » Желтоқсан » 3 » «Үш тұғырлы тіл-ел болашағы» атты сайыс өтті
14:55
«Үш тұғырлы тіл-ел болашағы» атты сайыс өтті

Қараша айының 25-і жұлдызында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған«Үш тұғырлы тіл-ел болашағы» атты зияткерлік  сайыс     5-сыныптар арасында өткізілді.

Пәннің мақсаты:Ағылшын тілді болсын, басқа тілді болсын жетік меңгерудің басты шарты болып табылатын – тілге деген қызығушылықты ояту.

 Сайысты өткізудегі мақсаты оқушылардың алған білімдерін сарапқа салу, ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдық, тез жауап беру дағдысын қалыптастыру, достыққа тәрбиелеу, олардың лексикалық байлығын дамыту. Бұл ойынды ағылшын пәнң мұғалімі А.А. Тажибаева  үш тілде өтті: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Елбасшымыздың жолдауында айтылғандай, қазіргі жастар үш тілді бірдей меңгеруі керек екенін тілге тиек етті. Ағылшын тіліне ерте жастан оқыту жақсы әрі еркін меңгеруін ғана емес, сонымен бірге адамның интеллектуалдық, тәрбиелілік және рухани потенциалын жақсартты. Сыныпта полиглот тапсырмалары арқылы оқушыларды сөз табуда шапшаңдық пен ұжымдастыққа үйретті. Көпжылдық зерттеу көрсеткендей, ағылшын тіліне ерте жастан оқыту балалардың жалпы және тілдік дамуын реттейді, бастауыш мектепте тәрбиенің жалпы білімдік құндылығын көтереді, балаларды өзге ұлт мәдениетін білуге үйретеді.

Сайыс 5-сыныптың оқушыларын екі топқа бөлу арқылы өтті. Сайыс 5 бөлімге негізделе отырып, әр түрлі слайдтар арқылы оқушылар белсенді жұмыс атқарды, білім қорын толықтырды. Тапқырлықтарын, тіл білімдерін, әртістік қабілетін кеңінен көрсетті. Сайыстың соңында «Болашақ» командасы жоғары ұпай жинап, сайыстың жеңімпазы атанды. Сыйлықтар берілді.Оқытушы жұмыс жағдайын жасап оқушылармен байланыс орнатты ал оқушылар тілді қолдануларының жақсы деңгейін көрсетті.Сайыс өте тартымды өтті. Сайыс соңында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.З.Абилдина сөз алып оқушыларды жеңісімен құттықтады.

Үштілдік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақтілі-мемлекеттіктіл, орыстілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшынтілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын.

Категория: Мектептегі іс шаралар | Просмотров: 868 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2016  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz