Жм, 26.04.2024, 07:37
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2017 » Мамыр » 4 » ҰСТАЗ БЕДЕЛІ ҚАНДАЙ?
21:16
ҰСТАЗ БЕДЕЛІ ҚАНДАЙ?

ҰСТАЗ БЕДЕЛІ ҚАНДАЙ?

 

Ұстаз! Ұстаз деген сөздің қазіргі заманауи анықтамасы қандай? Әрине, бұл сөздің анықтамасы өзгеруі мүмкін емес. Ұстаз – өз анаңнан кейінгі екінші анаң. Білім нәрімен сусындатып, алғаш әліппені қолға ұстатып, болашақ Қазақстанның азаматтары мен азаматшаларын тәрбиелеп, бар еңбегін сіңіріп, әр бала үшін жауапкершілікті мойнына алған ұлы тұлға.

 

Барлық ұлылар мен ғалымдар, білгір маман иелерінің бәрі ұстаз алдынан шыққан. Ұстаз беделі қазіргі күні қандай? Осыдан 25 -30 жыл бұрынғы ұстазбен қазіргі ұстаз беделі арасында айырмашылық бар ма? Болса неге ондай күйге жеттік? Жауа тауып орнын толтыруға болады ма? Толып жатқан сұрақтарды қалай азайтуға болады?

Өзіміз мектепті 25 жыл бұрын аяқтадық. Ұстазымыз үйге қонаққа келсе түпкі бөлмеге тығылып, кеткенше шықпаушы едік. Ата-анамыз жиналысқа кетсе, клгенде не дер екен деп уайымдап дамыл таппайтынбыз. Балаларының мұғалімін ата-аналарымыз құдайындай сыйлаған. Қатеміз үшін сөгіс естіп келсек үйге жеткізу былай тұрсын, сол қателікті жоюға дереу кірісетінбіз.

Ал, қазір ата-анамен байланыс қалай? Балаға қателігін, балалықпен істеген бұзықтығын қалай жеткіземіз? Оқушының ата-анасын ренжітіп алмауға тырысу – қазіргі ұстаз мақсатына айналған. Оқушысына қателігін, сабаққа даярлықсыз келгенде ескерте – ескерте шаршаған мұғалімі дауыс көтеруге қорқатын күйге жеткен. Олай бола қалса ата – ананың арызданып, болмаса баласы үйге кірер – кірместен мұғаліміне қоңырау шалып, сөге жөнелуімен қоса кей бала «Сіз кімсіз маған ұрысатын? Анама айтамын, анам арызданады үстіңізден» деген оқушы сөзін де естіп жүрміз. Әрине, бәріне бірдей топырақ шашуға болмайды. Алайда, көп кездесетінін мойындауымыз керек. Баласы үйге келгенде мектепте болған жағдайды баладан сұрау, бала көзінше ұстазы туралы әңгіме айту – осыған әкеліп отырғаны сөзсіз.

Керісінше «өзің бұзық болғансың ғой, оқымағансың ғой, үйге айтып келме» деген сияқты тиым салу тәрбиенің бір түрі, жақсы жағынан пайдасы тиер еді деп ойлаймын. Оның орнына ұстазбен жиі хабарласып баласының сабағы, тәртібі туралы біліп, атсалысып отырса құба-құп болушы еді. Сөзімді «Ата – анамыз да осы ұстаз алдынан шыққан. Анаңды қалай сыйласаң, Ұстазыңды да солай сыйла, Болашақ ұрпақ!» деп аяқтағым келеді.

 

Гүлжазира Құдабаева,

№27 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сарыарқа, №16 (8029) 28.04.2017ж.

Категория: Мектептегі іс шаралар | Просмотров: 445 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Мамыр 2017  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz