Бс, 25.04.2024, 00:16
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2017 » Қараша » 1 » «Туған жер» бағдарламасы
14:13
«Туған жер» бағдарламасы

«Туған жер» бағдарламасы – отансүйгіштікке тәрбиелеудің тиімді құралы

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды тапсырған болатын. Бағдарламаның «Туған жер» деп аталу себебі де түсіндірілді.  «Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған  жер –әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі.Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі»,-деген болатын Елбасы. Бүгінде «Туған жер» бағдарламасын еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырып жатыр.

Елбасымыздың «Туған жер» бағдарламасы аясында «№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі» ұстаздары мен оқушылары мәдени-тарихи құндылығы бар «Ұлт ұясы -Ұлытау» төңірегінде 25 қазан күні саяхатқа шыққан еді. Бұл саяхат «Алашахан», «Жошыхан», «Домбаул» кесенелерінің тарихын насихаттау , шолу жасау аясында ұйымдастырылған болатын. Мектебіміздің география пәнінің мұғалімі Жунисова Күлпаш Сәрсенбекқызының еңбегі оразан зор болды. Оқушылар біршама тың ақпараттармен хабардар болып, жақсы көңіл-күйде оралды. Мектеп ұжымы алдағы уақытта  да Елбасы ұсынған  «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға өздерінің лайықты үлесін қосады деп сендіреміз.

Категория: Мектептегі іс шаралар | Просмотров: 1087 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2017  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz