Анамыз – ардағымыз, әкеміз – асқар тауымыз. Әсіресе, тәлімді тәрбиенің тамыршысы – әкелердің ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі орасан зор. Әкелердің қайсарлығы мен еңбекқорлығын кейінгі жастарға насихаттап, жеткізу мақсатында қаламызда білім бөлімінің бастамасымен 1 наурыз күні «Абай атындағы №4 мектеп - лицейінде» қалалық VIII Әкелер слеті өтті.
Отбасылық құндылықтардың беделі мен отбасындағы тәрбиенің әлеуетін арттыру мақсатында өткен слетке Сәтбаев қаласының білім бөлімінің басшысы Б.Б.Акишбеков, Сәтбаева қаласының әкімінің орынбасары А.К.Төлендина, Сәтбаев қаласының әкім аппараты әлеуеттік сала бөлімінің басшысы Г.Ө.Тансыкбаева, қалалық Әкелер кеңесінің төрағасы Б.Ө.Бралин қатысты.
Қалалық VIII Әкелер слетіне мектебімізден Сактапбергенов Ерлан Жансаматович, Ибраев Каныш Ибадилдаевич, Бейсов Габит Амирбекович қатысты. Қалалық VIII Әкелер слетіне қатысқан әкелер мектеп өміріне белсене қатысып, бала тәрбиесіне қосқан үлесі үшін алғыс хаттарымен марапатталды.
Қалалық VIII Әкелер слеті 5 кезеңнен тұрды, 1 кезең «Ас болсын», 2 кезең «Интеллектуалды ойын», 3 кезең «Шеберлер классы», 4 кезеңде құстарға ұя жасса, 5 кезең де спорттық сайыстарға қатысты. Әр кезеңдегі сайыстарға әкелер белсене қатысып, өздерін жан-жақты екендігін көрсете білді.
Қазақта «әке көрген оқ жонар» деген аталы сөз бар. Кейінгі жастар әкенің ізін жалғап, өнегесін өрістетіп, берген тәлімін өмірлік азық етсе, әкелер арманының орындалғаны.
|