Жм, 29.03.2024, 14:28
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2016 » Желтоқсан » 22 » "Үздіктер фабрикасы" жобасы өтті
13:47
"Үздіктер фабрикасы" жобасы өтті

Мектебімізде желтоқсан айының 2-12 жұлдызы аралығында Еліміздің Тәуелсіздігінің 25-жылдығына тарту ретінде «Үздіктер фабрикасы» жобасы ұйымдастырылды. Бұл жобаның мақсаты 1-11 сынып оқушылары білім мәртебесін көтере отырып, өздерінің сүйікті мектебіне қосқан үлестері, осындай жоба арқылы өз білімдерін шыңдай отырып, үздіктер қатарын көйбейту. Бұл үш буынның арасында өтті. Атап айтқанда, 1-4 сыныптар арасында 2А сынып оқушысы Дінмұхаммед Жылқайдаров, 5-7 сыныптар арасында 7А сынып оқушысы А.Құсайын, 8-11 сыныптар арасында 8Ә сынып  оқушысы Қарсақбай Аяжан жобаның жеңімпаздары атанды, оларға көтермелеу сыйлықтары табыс етілді. Сондай-ақ осы жоба аясында «бестігі»  көп сыныптар да аяқталды: 8Ә сыныбы,  жетекшісі Балтина Гүлназ, 3А сыныбы, жетекшісі Макашева Айгүл, 7А сыныбы, жетекшісі Гүлназия Қазанбаева.Үздік шыққан үш буынның сыныптарына тәтті сыйлықтар берілді. Сонымен бірге, «бестіктері» көп оқушылар болды, оларға марапаттау қағаздары мен тәттілер таратылды.

 Жоба аясында мектептің үздік мұғалімдері аталып, мектебіміздің екі мұғалімі департаменттің грамотасымен марапатталды: орыс тілі пәні мұғалімі Батеева Дәмегүл Қарабекқызы, математика пәні мұғалімі Смайлова Гүлзира Қалиасқарқызы. Тәуелсіздік қарсаңында қала көлемінде «Мақсат» премиясының иегерлері аталды: 10 «Ә» сынып оқушысы Жылқайдарова Алтынай, математика пәні мұғалім Дүкенбай Жандос. Қалалық кітапханада Қазақстан Республикасының 25-жылдығына орай өткізілген мәнерлеп оқу сайысында мектебіміздің 10 «Ә» оқушылары Сейтбатталов Аспандияр және Жылқайдарова Алтынай ІІ орын дипломымен марапатталды.

Категория: Мектептегі іс шаралар | Просмотров: 421 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2016  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz