Бс, 25.04.2024, 18:42
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2017 » Қараша » 14 » "Жұлдызды кеш"
10:44
"Жұлдызды кеш"

Елбасының «Рухани жаңғыру» аясында қолға алынған «Туған жер» бағдарламасы бойынша ел өңірлерінде мақсатты жобалар қолға алынуда. Туған жер, өскен өңірге деген ыстық сезім азаматты ерлік жасауға қанаттандыратыны сөзсіз. Сондықтан да ұлт көшбасшысы ұсынған «Туған жер» бағдарламасы бойынша игі іс-шара бүгін де біздің мектебімізде жалғасын тауып отыр.

Осы мектепті бітірген түлектер әр саланың мамандық иелері ретінде жеткен жетістіктері жайлы жоғарғы сынып оқушыларымен пікірлесіп, сұхбаттасу, болашақта мамандық таңдауға жол сілтеу, себепкер болу мақсатында ұйымдастырылған «Жұлдызды кеш» атты кездесуіміздің құрметті қонақтары – кешегі мектеп шәкірттері – бүгінгі күні түрлі мамандық иелері, ел азаматтары, ел ағалары болған – «Сәтбаев қаласының  кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі – Кенжеғұлов Нұржан Ахмедияұлы, «Сәтбаев қаласының   экономика және қаржы бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары – Әубәкір Шапағат  Момынбайұлы, «Сәтбаев қаласының кадр бөлімінің»  қызметкері – Қадырова Перизат Қазиқызы, «Сәтбаев қаласының ұйымдастыру жөніндегі бөлім»  басшысы – Балмұхан Еркебұлан Батырбекұлы және «Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімінің» бастығының орынбасары, полиция мойоры – Абишев Алдияр Жомартұлы, қаламыздың танымал әншісі – Боранов Талғат Еркінұлы  болды. Қонақтар алғашқы қадамын мектебіздің  «Мектеп шежіресі» мұражайына саяхатынан бастады. Бұл алтын қордың негізгі тұлғасы Шабал Бейсенбекқызы – мектеп ұжымы үшін шамшырақ.

Салтанатты кездесу кешіміздің алғы сөз кезегі   мектебіміздің    директоры – Жүнісова Гүлзия Ғабдулуахитқызына  берілді. Мектеп басшысы қонақтарға  арнайы жүрекжарды лебізін білдіре отырып,  әр жыл сайын қанаттанып ұшқан, аяулы мектебімен қауышуға жүректері алып-ұшып келіп отырған мектеп түлектерімен кездесу ұйымдастыру – алдағы уақытта  дәстүрлі іске айналатындығына сенім білдірді

Кеше ғана шәкірттеріміз болған аяулы түлектеріміз бүгін де  қаламызда әр салада жұлдыздай жарқырап абыройлы еңбек етіп жүр. Бұл – ұстаздарымыздың мақтаны боларлық өнегелі ісі. «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім, алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдікі»,–деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, өз жарығын басқаларға арнап,  ұлт болашағы – жас ұрпақ санасына өнер-білім жарығын сыйлаған жан – ұстаз десек, кешегі шәкірттерінің қанат топшысын қатайтып, биіктерден көрінуі – ұстаз үшін де бір мәртебе. Мектебіміздің ұлағатты ұстазы, химия пәнінің мұғалімі – Нуркеева Марал Курманбаева да мектеп түлектерінің  даңғыл өмір жолында сәттілік серік болуын, ақ жол тіледі.

Кеш барысында жоғарғы сынып оқушылары қонақтарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ой бөлісті. Латын әліпбиіне көшу саясатына қатысты  да ел ағаларының пікірін тыңдады, әрі «...Ел болашағы үшін қабылданғалы отырған маңызды шешімге қолдау көрсетіп, екі қолды сыбанып нақты нық қадаммен алға басайық!» – деген Әубәкір Шапағат  Момынбайұлының сөзі оқушылар жүрегіне от ұшқынын ұялатты.

Қорытындылай келе, «Жұлдызды кеш» атты мектеп түлектерімен кездесу – өзіндік тағлымы бар іс-шара болды. «Ағалар жолымен, апалар ізімен» демекші, ертеңгі күнде де басқа да шәкірттеріміздің өмір атты  шексіз ғаламда шоқ жұлдыздай жарқырауына тілекшіміз. Ал, кешіміздің қонақтары, мектеп түлектері, бүгінгі № 27 білім ордасында ұйымдастырылып отырған кездесуге өз ризашылықтарын білдіре отырып, естелік ретінде мектеп ұжымына картинка сыйға тартты және де алтын ұя мектебіне көмек қолын созуға әзір екендіктерін айтты.

Категория: Мектептегі іс шаралар | Просмотров: 642 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2017  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz