Жм, 26.04.2024, 21:43
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2016 » Қараша » 30 » «Жапырақ тамырдан нәр алады» атты өткен ата-аналар жиналысы
17:02
«Жапырақ тамырдан нәр алады» атты өткен ата-аналар жиналысы

«Жапырақ тамырдан нәр алады»  атты ата-аналар жиналысы

Сәтбаев қаласы «№27 жалпы орта білімі беретін мектебі» КММ қараша айының 25 жұлдызында  9 «Ә» сынып жетекшісі Шукенова Балғайша Усатайқызы  «Жапырақ тамырдан нәр алады»  атты ата-аналар жиналысын өткізді. Мақсаты: ата-аналармен кездесе отырып, жасөспірімдердің бойындағы өзгерістердің қалыпты, табиғи заңдылық екендігі жөнінде пікір алмаса отырып, ортақ шешімді анықтау, тәрбиенің тиімді жолын таңдауда көмек көрсету, кеңес беру. Жиналысқа мектеп психологі Алиева Рита Советқызы қатысып, тренинг  жүргізді. Ол ата-аналарды тренингтің ережесімен таныстырып, шаттық шеңбер құру арқылы топқа бөлді. Топтық жұмыстар жүргізді. 1– топ. «Жасөспірім кезінде менің есімде қалғаны», 2 – топ. «Мен өз баламнан көргім келеді» тақырыбында жоба қорғады. Ата-аналар жағдаяттар бойынша  өздерінің ойларын ортаға салды, бейне жазбадан түсінгендерін айтты. Сұраққа жауап берді.

       Жиналыста ата-аналардан үйде немен айналысатыны жайлы, баланың бағасы қандай әсер беретіні жайлы, мектептегі болып жатқан жаңалықтармен бөлісетіні туралы, баласы туралы мәліметті толық хабардар екендігі жайлы сауалнама алу арқылы зерттеу жүргізілді. Тренинг соңында ата-аналарға жапырақтар үлестіріліп берілді. Оған ата-ана өзін қызықтыратын сұрақтары немесе ұсыныстарын  жазды.

Категория: Мектептегі іс шаралар | Просмотров: 698 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2016  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz