Бс, 25.04.2024, 17:45
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Мектеп мақтаныштары

Главная » Статьи » Іс - шаралар » Мектепішілік

Ата - аналар жиналысы

Қараша айының 4-і күні кезекші сыныптарға арналған ата-аналар жиналысы өткізілді.

Мақсаты: ІІ тоқсандағы кезекші сыныптардың ұйымдастырылуы. Короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында карантиндік шаралар жағдайында оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы «13» тамыздағы №345 бұйрығына сәйкес және  «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №528 қаулысымен (өзгерістер енгізілген) таныстырылды:

 «36) 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап:

-контингентті 300 оқушыға дейін, сыныптардағы балалар саны 15 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;

-ата-аналардың өтініші бойынша сыныптардың жинақталуын 152 баладан асырмай сақтай отырып, жалпы білім беретін мектептерде оқытуға рұқсат берілді;» Екінші тоқсандағы өзгерістер бойынша бастауыш сыныптардағы оқушылардың саны арттырылды ата-ананың өтініші бойынша және бесінші сыныптардан кезекші сыныптар құрылды.

 Кезекші сыныптардың жұмыс істелуіне қойылатын талаптар:

1.Сыныптың толымдылығы-15 баладан артық емес.

2.Сабақтың ұзақтығы-40 минут;1-сыныпта-сатылы режим;

3.Үзілістер әртүрлі сыныптар үшін әр уақыттағы өзгерістер;

4.Маскаларды кию режимін қамтамасыз ету;

5.Оқу үстелдерін 1 метр қашықта орналастыру;

6.Білім алушыларға жеке парта және жеке орындық бекітілген;

 

    Сонымен ІІ оқу тоқсанында мектебімізде 1-4 сынып аралығында 17 кезекші сынып және 5 сыныптан 3 кезекші сынып топтастырылды. Барлығы 272 оқушы қамтылды.

 

Категория: Мектепішілік | Добавил: asikon26 (12.11.2020)
Просмотров: 99 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz