Жм, 27.06.2025, 19:22
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 3
Қонақтар: 3
Қолданушылар: 0

Главная » 2018 » Қыркүйек » 14

11 қыркүйек күні Сәтбаев қаласының 45 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы дала мұрагерлері» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шарада мектебіміздің оқушылары «Қазақтың 100 күйі» жобасы бойынша таңдалған халық күйі «Кеңес» күйін  орындады. Жетекшісі музыка пәні мұғалімі А.Б.Сейітбеков.

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 472 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 14.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Қыркүйек айының 8-9 күндері сағ 10: 00-де мектебіміздің 1,10,11 сынып оқушыларының  ата-аналарына арналған «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты конференция өткізілді. Конференцияға қатысушы ата-аналар тіркеуден өтіп, ата-аналарға жадынама мен сауалнамалар таратылды. Конференцияны мектеп директоры Г.Г.Жунусова және мектеп психологы  Р.С.Алиева жүргізді.

Конференцияда мынадай аса маңызды мәселелер қаралды:

1. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет.

2. Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу.

3. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу. Мектепке діни атрибутика киюге тыйым салу, алдын алу шарасы ретінде. Баланы бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – әрбір ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.

4. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.

5. Балаға мектепте оқуға бейімделуге тиімді көмек шаралары: үш «Б» заңы: Бейімдеу, Бедел, Белсенділік.

6. Нейро-психофизиологтардың болашақ бірінші сынып оқушылары – ұлдар мен қыздардың ата-аналарына арналған ұсынымдары.

7. Баланың өзін-өзі бағалауын арттыру.

8. Ойын, жағымды мотивация жасаудың үздік тәсілі ретінде.

«Отбасы мен отбасылық құндылықтарды қолдау жөніндегі Қазақстан ата-аналар қауымдастығының» оқушылардың ата-аналарына бейнеролик көрсетілді. Конференция соңында ата-аналар тарапынан оң пікірлер мен жақсы тілектер айтылды.

   

 

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 468 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 14.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Әкелер мен аналар кеңесінің отырысы 
Қаламыздың 45 жылдығы аясында 7 қыркүйек күні №19 жалпы орта білім беретін мектебінде қалалық әкелер мен аналар кеңесінің отырысыөтті. Мектебіміздің 1"б" сынып ата-аналары
Бабашева Жансая Байгалиевна және Мұханов Дулат Мұратбекұлы қатысты. Іс-шара барысында әкелер мен аналар «Сапалы тәрбие-саналы ұрпақ негізі» тақырыбында ой бөлісіп, баланың бос уақытын ұйымдастырудың жолдарын талқыға салды. Іс-шараға қатысушы әкелер мен аналар шара барысында жоғары белсенділік таныта отырып, өздерінің бала тәрбиесіндегі маңызды рөлін тағы бір рет айқындай түсті. Әкелер мен аналар берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, бала бақыты қаншалықты маңызды екеніне түсіністік білдірді.
Әкелер мен аналардың назарына бейнеролик ұсынып, баланың өмірдегі белсенділігін дамытуға арналған шараларға тоқталып өтті. Сонымен қатар, ата-ана тарапынан кететін бірқатар қателіктер де сөз етіліп, оны шешу жолдарын қарастырылды, оның бірден бір әдісі ақыл айту, мақтау-мадақтау деген тоқтамға келді. Іс-шара кішкентай балбөбектердің әсем әнімен жалғасты, кездесуге келген ата-аналар, қонақтар көтеріңкі көңіл-күйде қайтты.

   

 

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 1138 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 14.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Қыркүйек 2018  »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Copyright MyCorp © 2025
Используются технологии uCoz