Сб, 20.04.2024, 16:59
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » Жаңалықтар мұрағаты

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 346 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 23.04.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

12 сәуір күні – еліміздің ғұлама геолог-ғалымы, көрнекті қоғам қайраткері, академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толып отыр. Осыған орай мектебіміздегі Қ.И.Сәтбаев атындағы мұражайға саяхат жасаушылар саны көбеюде. Саяхат жасауға ниет білдірушілер қала мектептері мен колледждері.

02 сәуір күні Сәтбаев қаласының №16 жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары мен оқушылары мұражайға саяхат жасады. Мұражайды таныстырған мұражай жетекшісі, география пәні мұғалімі К.С.Жунусова. Оқушылар мұражайды аралау барысында көптеген тың мәліметтермен танысып, үлкен ұлы сезімге, патриоттық рухқа бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып,ой бөлісті. Оқушылар үшін осы мұражай тәрбиенің қайнар көзіне айналмақ!

Мектебіміздегі Қ.И.Сәтбаев атындағы мұражай күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Баршаңызды мұражайға саяхат жасауға шақырамыз!

 

 

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 311 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 03.04.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

№27 жалпы орта білім беретін мектебінде жалпы мектеп ұжымына, ата – аналарға, 9-11 сынып оқушыларына «Білім саласындағы медиация» - тақырыбында мектебіміздің педагог-психолігі Р.С.Алиева түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2011 жылдың 28- қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңы қабылданды.Бұл заң ҚР медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай – ақ медиаторлардың мәртебесін айқындайтындығын айтып өтті.

Медиацияны қолданысқа енгізу мәселесінің өзіндік бір ерекшелігі бар.Қайшылықты жағдайларды реттеу ісі кәсіпқой мамандарға ғана сеніп тапсырылады.Қазіргі сәтте білім беру ұйымдарында бұл проблемамен директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, психолог, әлеуметтік педагог мамандар шұғылданады.

Мектептегі медиацияның мақсаты – мектеп қызыметкерлерінің және ата – аналар, оқушылар арасындағы өзара келіспеушілікті бітімгершілікпен шешу.

Міндеті – жасөспірімдерді қандай деңгейдегі болсын қайшылықтарды бейбіт жолмен шеше білуге, ал үлкендерді балалардың айтайын дегенін тыңдата білуге үйрету.

Жалпы мектепте өзара түсіністік және ынтымақтастық заңмен тіршілік ететін бейбіт қауымдастық орнату арқылы осы заңмен өмір сүретін қауым құру мүмкіндігіне де үміт артуымызға болатындығы айтылды.

Мектеп медиаторының жұмыс уақыты:

Сенбі күні сағат:10.00-13.00

Алиева Рита Советовна

Ұялы телефоны:87774183513

  

Оқылған саны: 486 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 03.04.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

         Мектебімізде аймақтық «Ұрпаққа - ұлағат» тақырыбындағы тұңғыш рет аймақтық Шабал Бейсенбекова оқулары өтті. Аймақтық педагогикалық оқулар мектептер арасында бастауыш, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің және оқу-тәрбие үдерісі секцияларының педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық-педагогикалық тәжірибелерді тану және тарату мақсатында ұйымдастырылды. Педагогикалық оқуларға Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданынан барлығы 57 жұмыс түсті. Іріктеу кезеңіне 39 жұмыс өтті.
    Педагогикалық оқулардың ашылуына қала әкімі Асқар Абылайұлы қатысты. Қала басшысы ең алдымен мектепте орналасқан мұражайларын аралап, «Тілектер кітабына» ізгі тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды.
Сонымен қатар келген қонақтар Ұлытау өңірінде орналасқан киелі орындардың макеттер көрмесін және робототехника үйірмесіне қатысатын оқушылардың жұмыстарын тамашалады.
       Іс – шараның барысы мектебіміз ұйымдастырған шағын концерттік бағдарламамен бастау алды.
Аталған секциялар бойынша барлығы 16 мұғалім жүлделі орындарды иемденді. Барлық қатысушы мұғалімдерге арнайы сертификаттар мен педагогикалық оқуларға ұсынылған жұмыстардың жинағы тапсырылды.
Осы педагогикалық оқуға мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Сейтбеков Алтынбек Болатбекович қатысып жүлделі ІІ орынды иемденді.Әріптесімізді құттықтаймыз!!!

     

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 624 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 16.03.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

«№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

ЭЦҚ – ны алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізілген семинар туралы ақпарат

«Сандық Қазақстан» жобасын іске асыру барысында «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ - де мектепішілік түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Egov» электронды үкімет порталы жөнінде мектеп мұғалімдеріне электронды қолтаңбаны қалай үйде отырып ала беретіндігі жайлы түсіндірді.Бұл жобаның тиімділігі үйде отырып ақ 156 түрлі қызымет түрлерін ала алатындығы айтылды.Электронды үкімет парталының негізгі мақсаты азаматтарға жедел және сапалы қызымет көрсету.Кез – келген азататтың ХҚКО- ға келіп, электронды үкіметтің порталдар туралы арнайы мамандардан кеңестер алуына толық мүмкіндіктер бар екендігі айтылды.

Сондықтан әр бір қызыметкер түсіндіру жұмыстарының жүргізілгендігін қолдайды.

    

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 335 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 04.03.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

№27 жалпы орта білім беретін мектебі КММ

25.02.2019ж мектебімізде “Қамқорлық” акциясы өткізілді. 9 “Ә” сынып оқушысы Жарылқасын Айбатыр көп балалы отбасында дүниеге келген. Қазіргі таңда отбасында 7 бала, ата-анасы жұмыссыз. Мектебіміздегі ұстаздар мен ата-аналар азық-түлік ретінде оқушының отбасына көп көмек берді. Айта кетсек 1 “Б” сыныбының ата-аналары Уншибаева Асыл, Бабашева Жансая, Макишева Айман, Тлегенова Шолпан 4 “б” сыныбының ата-анасы, Асанова Алтынай 10 “А” сыныбының ата-анасы, мектебіміздің асхана жалгері Ф.Д.Дюмкулова және мектеп ұстаздары көмек берді. “Қамқорлық” акциясы мектебімізде жиі ұйымдастырылып тұрады.

Макарон-10кг,

сұйық май-2

қант-5кг

шай-1

сүт-2

сливочный май-5

горох колотый-1

манная крупа-1

иіс сабын-2

зубная паста-1

нан

томат-2

күріш-5 кг

гречка -2кг

картошка-5 кг

марковь-2кг

жуа-2кг

свекла-1кг

алма-3кг

сыр-2

   

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 316 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 02.03.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

«№27 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ  «Экономика барлығы үшін» жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық» күні аясында ұйымдастырылған іс-шаралардың өтуі туралы мәлімет

 

     2019 жылдың 23 ақпаны күні «Экономика барлығы үшін» жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық» күні өтті.

«Қаржылық сауаттылық» күнін өткізудің мақсаты:

  1. Оқушылардың бойында қаржы туралы жалпы түсінік қалыптастыру;
  2. Жеке қаржыны тиімді басқарудың дағдылары мен қаржы мәдениетін қалыптастыру;
  3. Оқушыларға ақшаны дұрыс ұстауға, ақша ұстау үшін қажетті білім алуға, қаржылық жоспарлауды, отбасы бюджетін қалыптастыруға және жоспарлауға үйрету.

Барлық сыныптар тақырыптық сынып сағаттары мен экономикалық ойындар өткізіп, видеофильмдер көрсетілді.

Бекітілген жоспар бойынша І, ІІ ауысымда сынып жетекшілері оқушыларға ашық жиын өткізді. Ашық жиында оқушыларға «қаржылық сауаттылық» түсінігі туралы ақпараттар оқылды. «Қаржылық сауаттылық» күні өткізілетін іс-шаралармен оқушыларды таныстырды.

«Экономика барлығы үшін» жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық» күні аясында ұйымдастырылған іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. «Қаржылық сауаттылық» күні аясында өткізілген іс-шаралар барысында оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауаптар алды. Қаржыны қалай үнемдеу жолдарымен танысты. Іс-шараларға оқушылар белсене қатысып, қажетті мәліметтер алды.

   

 

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 514 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 25.02.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

23 қаңтар күні 3-4сыныптар арасында «Жас математик» интеллектуалды сайыс өтілді.Сайыстың мақсаты: Ойы жүйрік,танымдылық деңгейі жоғары,интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу,белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру мақсатында болды. Сайыс 4кезеңнен өтілді. 1кезең «Бәйге», 2кезең «Полиглот», 3кезең «Ғажайып жетілік», 4кезең «Жорға».

Бәйге кезеңінде Логикалық тапсырмалар беріліп, баланың білім деңгейлері анықталынды. Полиглот кезеңінде орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілдеріндегі білімдері тілдік сөздік қорларын көрсете білді. 3кезеңде Ғажайып жетілік пәндерден сайыс болды. Берілген ұяшықтғы сандарды таңдап тапсырмаға жауап алынды. Балалар өте белсенділік танытты. Толықтай жауап беруге талпынды. 4кезең берілген Қазақстан сөзінен баланың ойлау, сөздік қорлары тыңдалып 15-тен артық сөз жинаған 4 сынып оқушылары сөз шебері атанды. Жас математика зияткерлік сайысының қорытындысын мектеп басшысы оқу тәрбие ісінің орынбасары Икишева Айгерім Ерболқызы сөз алып, екі топтың өзіндік жетістіктеріне тоқтала кетті. Қорыта келе 2топты «Жүйріктер» және «Тапқырлар» номинациясымен марапаттады. Ұйымдастырып өткізген бастауыш сынып мұғалімі:Кожахметова М.Б

  

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 393 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 24.01.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

     23 қаңтар Астана қаласында Елбасымен «Жастар жылы» форумының салтанатты ашылуы болды.Аталған форумды мектебіміздің жас ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары тікелей эфирден тамашалады.Елбасымыздың жастарды жан – жақты қолдауы жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс – қимыл жоспарын іске асыруға бастау алмақ. Жауапкершілікті алу – діттеген мақсатқа қол жеткізу үшін бәріне де дайын болу дегенді білдіреді.Жастарға артылған сенім мен жаңа мүмкіндіктер үшін алғыс білдіреміз! Жастар жылы – мүмкіншіліктерге толы жыл болмақ!

  

Дәрежесі: Республикалық іс шаралар | Оқылған саны: 337 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 23.01.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

19 қаңтар күні сағат 10 - 12.00 аралығында мектебімізде ата- аналарға арналған ашық есік күні өтті.

    Мақсаты – ата – аналарды оқу тәрбие жұмысымен жақынырақ таныстыру және оқушылардың білім дағдыларының қалыптасуына мүмкіндіктер тудыру.

Бұл күні ата - аналар:

 - Ата - ана әр пән мұғалімдерімен жеке кездесу мүмкіндіктері;

- Өз баласы туралы ақпаратты (тәртібі, білімі, ойлау дағдысы) мұғалімдермен жеке сөйлесу мүмкіндіктері;

- Мектеп жағдайымен танысу, қандай кеңістікте білім алатынын көру;

- Педагог - психолог, әлеуметтік педагог, тәлімгермен кездесу;

- Мектеп әкімшілігімен кездесу - мүмкіндіктері қарастырылды.

      Ашық есік күніне келген ата - аналар пән мұғалімдеріне жеке жолығып,жаңартылған білім мазмұны бағдарламасының жүргізілу барысымен танысты. Тоқсандық және жиынтық бағалау тапсырмаларының қорытындыларымен танысып, өздеріне керекті сұрақтардың жауаптарын алды.

Бүгінгі ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне ата – аналар өте жоғары деңгейде қатысты.

    

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 342 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 19.01.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

« 1 2 3 4 5 ... 17 18 »
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Сәуір 2024  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz