18 қараша күні мектебімізде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Д.Тулебаевтың ұйымдастыруымен 2-сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Әкем, шешем және мен» атты спорттық сайыс өтті. Спорттық сайыстың мақсаты: оқушылардың және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысу қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды ойната отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Сайысқа 4отбасы қатысты.
І. «Қыран» тобы- Конушбековтан отбасы
ІІ. «Сұңқар» тобы- Шамбуловтар отбасы
ІІІ. «Барыс» тобы- Сагимбаевтар отбасы
ІV. «Алаш» тобы- Алиякпар отбасы
Сайыс бірнеше бөлімнен тұрды.Онда арқан тарту мен ептілікті байқайтын жылдамдыққа жүгіру, допты алып мәреге бірінші жету сынды талаптар қойылды. Тапқырлық танытып, ептілік көрсете білген топқа жанкүйерлер де қолдау көрсетті. Ал әділқазылар алқасы 5,4,3 бал көрсеткіші арқылы бағалады. Бір сағатқа созылған сайыс өте тартысты өтті. Сайыс соңында төрешілердің шешімімен жүлделі І орынды «Барыс» тобы жеңіп алды.
|