Ср, 24.04.2024, 20:20
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2017 » Желтоқсан » 20

«Тәуелсіздік ата- баба арманы,ұрпақ үшін мақтаныш!»

Тәуелсіздікке 26 жыл толуына  байланысты 3 «Ә»сынып жетекшісі Мукажанова Алтын Аксейтқызының сыныбында «Тәуелсіздік ата- баба арманы,ұрпақ үшін мақтаныш!» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты:  Жас ұрпақты елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге үйрету, адамгершілік ,патриоттық сезімдерді қалыптастыру.Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатын 3 «Ә» сынып оқушылары Қасым Баян мен Махмадиар Жастілек жүргізді. Оқушылар тәуелсіздік сөзіндегі 11әріпке байланысты тақпақтар айтты. «Желтоқсан желі» атты бейне фильм көрсетілді.Домбырамен ән орындалды. Тәрбие сағатын «Желтоқсан желі»атты әнмен аяқтады.

   

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 500 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 20.12.2017 | Түсіндірмелер саны (0)

     ҚР Тәуелсіздік мерекесіне орай мектебімізде 9 желтоқсан күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі К.Серикова ұйымдастыруымен мектеп ұжымы арасында спорттық-эстафеталық сайыс өтті. Сайысқа бастауыш сынып мұғалімдерінен құралған «Балдәурен» тобы және мектебіміздің жас мамандарынан құралған «Барыс» тобы, мектебіміздің кіші қызметкерлерінен құралған «Бірлік» тобы қатысты.  Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Сайыс кезеңдерін қатысушылар барынша қызықты, тартымды өткізуге тырысты. Спорттық сайыстың жеңімпазы  мектебіміздің кіші қызметкерлерінен құралған «Бірлік» тобы болды.

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 411 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 20.12.2017 | Түсіндірмелер саны (0)

     25 қараша күні мектебімізде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Адильбеков ұйымдастыруымен «Қазіргі күннің батырлары» атты спорттық сайыс өтті. Бұл сайыстың өту мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру,  оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке баулу. Бұл сайысқа 4-сынып оқушылары қатысты. Сайыс 5-кезеңнен тұрды. Әр кезең біткен соң оқушыларға сергіту сәті ретінде флеш-моб билетілді. Сайыстың шарты бойынша әр сынып өз тобына ат қойып, ұранын жаттап келу тапсырылған болатын. Әр сыныптан құралған топтар сайыстың әр кезеңдеріне қызықты, белсенді қатысты. Қазылар алқасы орындарды сайыс шарттарын сақтаған сыныпқа берді. Жеңімпаз 4 «Б» сыныбынан құралған «Барыс» тобы атанды. Жеңімпаз топқа арнайы грамоталар берілді. Сайыс жоспарға сай қызықты,тартымды өтті.

    

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 390 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 20.12.2017 | Түсіндірмелер саны (0)

          18 қараша күні мектебімізде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Д.Тулебаевтың ұйымдастыруымен  2-сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Әкем, шешем және мен» атты спорттық сайыс өтті. Спорттық сайыстың мақсаты: оқушылардың және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысу қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды ойната отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Сайысқа 4отбасы қатысты.

І. «Қыран» тобы- Конушбековтан отбасы

ІІ. «Сұңқар» тобы- Шамбуловтар отбасы

ІІІ. «Барыс» тобы- Сагимбаевтар отбасы

ІV. «Алаш» тобы- Алиякпар отбасы

Сайыс бірнеше бөлімнен тұрды.Онда арқан тарту мен ептілікті байқайтын жылдамдыққа жүгіру, допты алып мәреге бірінші жету сынды талаптар қойылды. Тапқырлық танытып, ептілік көрсете білген топқа жанкүйерлер де қолдау көрсетті. Ал әділқазылар алқасы 5,4,3 бал көрсеткіші арқылы бағалады. Бір сағатқа созылған сайыс өте тартысты өтті. Сайыс соңында төрешілердің шешімімен жүлделі І орынды «Барыс» тобы жеңіп алды.

    

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 408 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 20.12.2017 | Түсіндірмелер саны (0)

ҚР Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 жарлығына сәйкес

латын әліпбиін насихаттау бойынша өткізілген жұмыстар туралы мәлімет

     Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.

     Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін алғашқы кезекте    қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы  Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен №27 мектеп ұжымы танысып, жоспар бойынша түрлі әдістемелік жұмыстар жүргізіле бастады. Оқырмандар қауымы жиналатын орын – кітапханада латын әліпбиін насихаттау бұрышы ұйымдастырылды. Мектебіміздің 1-ші қабаты мен әр сыныптарда ата-аналармен оқушыларды ақпараттандыру мақсатында «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты арнайы бұрыштар жасалды. Мәңгілік Елдің маңызды қадамы жайлы ақпараттар мен қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ілінді.

Мектеп кітапханасындағы латын әліпбиін насихаттау бұрышы

1-ші қабаттағы латын әліпбиін насихаттау бұрышы

Сыныптардағы латын әліпбиін насихаттауға арналған бұрыштар

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 483 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 20.12.2017 | Түсіндірмелер саны (0)

«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы»

                «№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі»  КММ қазақ тілі мен тарих пәндері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 7 қараша күні дөңгелек үстел өтті. «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мен тарих пәнінің мұғалімдері арасында өткізілген дөңгелек үстелде латын әліпбиіне қатысты өзекті мәселелер қозғалды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Икишева А. «Латын әліпбиіне көшу мәселесі», тарих пәнінің мұғалімі Умирзакова А. «Латын әліпбиіне көшу- қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады» атты баяндамалар оқылды. Іс-шара барысында мұғалімдер латын графикасы негізінде қазақ әліпбиінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік беретін қажеттіліктер туралы өз пікірлерін ортаға салды.

    .

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 358 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 20.12.2017 | Түсіндірмелер саны (0)

Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2017  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz