Жм, 26.04.2024, 23:47
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2018 » Мамыр » 17 » «Ақылды қыз, білімге жүгінер»
12:10
«Ақылды қыз, білімге жүгінер»

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе – елдің көркі» деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?! – демекші, қазақ халқы қыз баланы ертеден сыйлап, қызды гүлге теңеп, «Қыз өссе – елдің көркі» дегендей, қыз баланың әр отбасына ерекше сән беріп отыратыны белгілі. Өзіне тән табиғи ерекшелігімен бірге оларға тәрбие беретін ортаның да айтарлықтай әсерінің бар екені рас. 10 мамыр күні мектебімізде Г. Балтина мен Ж.Амантаеваның ұйымдастыруымен «Ақылды қыз, білімге жүгінер» атты 8-10 сынып қыздар арасында сайыс өтті. Мақсаты: Қыздарға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Сайыс қонақтары : Аналар кеңесінің төрайымы – М.С.Мадиева, «Достық» үйінің директоры – Г.Р.Гатиятова, Аналар кеңесі және ақ әжелер кеңесінің мүшесі – Б.Ә.Әбеева. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.  Сайыстың әр кезеңінде қыздар тапқырлық танып, ұтымды жауап айтып, сайысты қызықты өтуіне ат салысты. Сайыс соңында кеш қонақтары қыздар қауымымен сырласа отырып, оқушылардың  сұрақтарына жауап берді.



 

Категория: Мектептегі іс шаралар | Просмотров: 424 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Мамыр 2018  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz