Сб, 27.04.2024, 09:05
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2017 » Мамыр » 11 » «Қаржылық сауаттылық» туралы жоспарлы түрде бекітілген іс-шараkfh
10:46
«Қаржылық сауаттылық» туралы жоспарлы түрде бекітілген іс-шараkfh

29 сәуір күні қаржылық сауаттандыруға байланысты мектебімізде жоспар жасалып , оның өтуі қадағаланды. Жоспар бойынша алғашқы іс-шара І-ІІ ауысымда «мектеп жиыны» ашық линейка түрінде өтті.Линейканы мектеп директоры З.Е.Киянова ашты.Мұнда «тарих беттерінен» атты тағылымға сүйеніп шолу жасап өтті.
1-4 сыныптар аралығында «Энергияны үнемдеу»тақырыбында ашық сынып сағаттарын 3 ші сабақта өткізді. «Болашақ энергия көзімен», «электр энергия қуаты», «Тоқ көзін үнемдейік» тақырыптарда оқушыларға өмір өзегі энергияны үнемдеудің түрлі жолдарын таныстырды.Оқушылар өз ойларын ортаға салды.Сонымен бірге мынандай тақырыптарда экономикалық ойындар ойнатылды. Атап айтсақ «Біздің мәртебелі Экономика», «Шеберлер қаласы», «Экономикалық ойындар», сыныптан тыс шараларға арналған шағын ойындар.Бұл ойындар ойнайық та, ойлайық тақырыбымен аяқталды
Осы күні 4 –ші сабақта 5 сыныптар арасында»Қаржылық сауаттылық сабағы» болып өтті.Мұнда төмендегідей тақырыптар қамтылды: «Баюдың түрлі жолдары», «Ақша және мен», «Байлық пен жоқшылық» тақырыптарында оқушыларымен ой бөлісті.Мұнда оқушылар ақшаның шығу тарихы туралы сөз қозғаса, енді бірі олардың жасалу жолдары туралы айтып өтті.Әр елдің өзіне тиесілі банкноттары туралы сөз қозғап өтті.Орта буынның
оқушылары болғандықтан ақша туралы мақал мәтелдер сайысын да ұйымдастырды.Соңында экономикалық «Үлкен және шағын бизнес» мекемелеріне экскурссия жасады.
7- сыныптар арасында мынанадай тақырыптарға «Бәсеке», «Алғашқы миллион» «Мүмкін емес нәрсе жоқ, бәрі де болады» тақырыбында ашық сағаттар ұйымдастырып , экономикалық ойындарға кезек берді.Бұл жерде оқушылар арасынан КТК клубын ұйымдастырып, ақшаны үнемдеп жұмсай алмаған жандар туралы әзілмен көрсетті.
8-сыныптар арасында «Қаржылық табыс туралы» фильм көрсетілді.Бұл фильмде табыс көзіне қалай жетуге болатындығы туралы 13 кеңес берілді.Соңында «Миллион кімге бұйырады» ойыны ойнатылды.
Ең бастысы жоғарғы сыныптарда «Қаржылық сауаттылық «туралы кең көлемде өтілді. Оның айқын айғағы қаламыздағы шағын кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырып олардың баюдағы құпиясы туралы ойларымен бөлісті.Қаламыздағы жекеменшік кәсіпкерлер Жаңғасқанова Шолпан, Тұрғынбаева Қралығаш, Беркеевтер, Сыздықовтардың жеке кәсіпкерлік жұмыстарымен таныс болды.
Мектеп «Қаржылық сауаттылық» туралы жоспарлы түрде бекітілген іс-шараны 1-11 сынып арасында бекітілген уақытта өткізді.Оқушылар болашақ өміріне қажетті экономика саласы бойынша терең мағұлматтар алды.

Категория: Қалалық іс шаралар | Просмотров: 959 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Мамыр 2017  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz