Дс, 26.10.2020, 09:58
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » Қалалық іс шаралар

                  

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 105 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 16.03.2020 | Түсіндірмелер саны (0)

12 сәуір күні – еліміздің ғұлама геолог-ғалымы, көрнекті қоғам қайраткері, академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толып отыр. Осыған орай мектебіміздегі Қ.И.Сәтбаев атындағы мұражайға саяхат жасаушылар саны көбеюде. Саяхат жасауға ниет білдірушілер қала мектептері мен колледждері.

02 сәуір күні Сәтбаев қаласының №16 жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары мен оқушылары мұражайға саяхат жасады. Мұражайды таныстырған мұражай жетекшісі, география пәні мұғалімі К.С.Жунусова. Оқушылар мұражайды аралау барысында көптеген тың мәліметтермен танысып, үлкен ұлы сезімге, патриоттық рухқа бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып,ой бөлісті. Оқушылар үшін осы мұражай тәрбиенің қайнар көзіне айналмақ!

Мектебіміздегі Қ.И.Сәтбаев атындағы мұражай күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Баршаңызды мұражайға саяхат жасауға шақырамыз!

 

 

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 140 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 03.04.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

         Мектебімізде аймақтық «Ұрпаққа - ұлағат» тақырыбындағы тұңғыш рет аймақтық Шабал Бейсенбекова оқулары өтті. Аймақтық педагогикалық оқулар мектептер арасында бастауыш, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің және оқу-тәрбие үдерісі секцияларының педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық-педагогикалық тәжірибелерді тану және тарату мақсатында ұйымдастырылды. Педагогикалық оқуларға Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданынан барлығы 57 жұмыс түсті. Іріктеу кезеңіне 39 жұмыс өтті.
    Педагогикалық оқулардың ашылуына қала әкімі Асқар Абылайұлы қатысты. Қала басшысы ең алдымен мектепте орналасқан мұражайларын аралап, «Тілектер кітабына» ізгі тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды.
Сонымен қатар келген қонақтар Ұлытау өңірінде орналасқан киелі орындардың макеттер көрмесін және робототехника үйірмесіне қатысатын оқушылардың жұмыстарын тамашалады.
       Іс – шараның барысы мектебіміз ұйымдастырған шағын концерттік бағдарламамен бастау алды.
Аталған секциялар бойынша барлығы 16 мұғалім жүлделі орындарды иемденді. Барлық қатысушы мұғалімдерге арнайы сертификаттар мен педагогикалық оқуларға ұсынылған жұмыстардың жинағы тапсырылды.
Осы педагогикалық оқуға мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Сейтбеков Алтынбек Болатбекович қатысып жүлделі ІІ орынды иемденді.Әріптесімізді құттықтаймыз!!!

     

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 201 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 16.03.2019 | Түсіндірмелер саны (0)

      Бүгін мектебімізде қалалық «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы болып өтті.

Мақсаты:бастауыш сынып оқушыларының мәнерлеп өлең оқу дағдыларын қалыптастыру.

Бұл сайысқа қала мектептерінің оқушылары қатысты. Сайысқа қатысушыларға қойылған талаптар: сайыскерлеріміздің өлеңді мәнерлеп жатқа айтуы, таңдаған шығармасының тақырыпқа сәйкестігі, мазмұны мен көлемі ескерілді.

Осы сайысқа қатысып, мектебіміздің намысын қорғаған 4 «А» сынып оқушысы Үкібай Арайлым жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Арайлым жарайсың!!!

 

       

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 237 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 12.12.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Қазан айының 29-31 күндері аралығында Төлебаев Джамал, Әділбеков Ноян, Серикова Крестина жетекшілігімен қалалық мектепаралық футболдан жарыс өтті. Мектеп оқушылары жүлделі І орын алды.

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 163 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 07.11.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

11 қыркүйек күні Сәтбаев қаласының 45 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы дала мұрагерлері» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шарада мектебіміздің оқушылары «Қазақтың 100 күйі» жобасы бойынша таңдалған халық күйі «Кеңес» күйін  орындады. Жетекшісі музыка пәні мұғалімі А.Б.Сейітбеков.

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 202 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 14.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Әкелер мен аналар кеңесінің отырысы 
Қаламыздың 45 жылдығы аясында 7 қыркүйек күні №19 жалпы орта білім беретін мектебінде қалалық әкелер мен аналар кеңесінің отырысыөтті. Мектебіміздің 1"б" сынып ата-аналары
Бабашева Жансая Байгалиевна және Мұханов Дулат Мұратбекұлы қатысты. Іс-шара барысында әкелер мен аналар «Сапалы тәрбие-саналы ұрпақ негізі» тақырыбында ой бөлісіп, баланың бос уақытын ұйымдастырудың жолдарын талқыға салды. Іс-шараға қатысушы әкелер мен аналар шара барысында жоғары белсенділік таныта отырып, өздерінің бала тәрбиесіндегі маңызды рөлін тағы бір рет айқындай түсті. Әкелер мен аналар берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, бала бақыты қаншалықты маңызды екеніне түсіністік білдірді.
Әкелер мен аналардың назарына бейнеролик ұсынып, баланың өмірдегі белсенділігін дамытуға арналған шараларға тоқталып өтті. Сонымен қатар, ата-ана тарапынан кететін бірқатар қателіктер де сөз етіліп, оны шешу жолдарын қарастырылды, оның бірден бір әдісі ақыл айту, мақтау-мадақтау деген тоқтамға келді. Іс-шара кішкентай балбөбектердің әсем әнімен жалғасты, кездесуге келген ата-аналар, қонақтар көтеріңкі көңіл-күйде қайтты.

   

 

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 491 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 14.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

5 қыркүйек Сәтбаев қаласы "Төтенше жағдайлар бөлімі" РММ ұйымдастыруымен Сәтбаев қаласы аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие және білім беру, жалпы орта білім беретін мектеп  оқушыларымен өрт қауіпсіздік ережесін сақтау, өрттің алдын алуға, балалардың улы газдан улануға жол бермеу, адам өлімін болдырмау және күзгі судағы қауіпсіздік мақсатында әңгімелесу және төтенше жағдайлар бөліміне экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушыларға негізгі және маманданған мақсаттағы өрт сөндіру техникасы, өрт сөндірушінің әскери киім - кешегімен жабдықтары көрсетілді. Оқушылар өрт сөндірушілердің жұмыс жағдайымен танысты. Экскурсия соңында өрт сөндірушілер оқушылармен суретке түсті.

 

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 193 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 06.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Сәтбаев қаласының 45 жылдығына орай ұйымдастырылған 5 қыркүйек "Мейірімділік күні" аясында мектебіміздің әлеуметтік педагогы  Ж.М. Жақып және аға тәлімгер М.Т.Абдильманова ұйымдастуымен мектебімізде бірнеше жыл ұстаздық еткен  ардагер ұстаздарымыз  Дүтбаев Досым ағай мен Жеңіс апайдың үйіне барып, көмек көрсетілді. Аталған шараға осы мектебіміздің белсенді оқушылары жаппай ат салысып, ардагер ұстаздың үйіне, ауласына тазарту жұмыстары жүргізілді.  Осылайша, зейнеткер ұстаздарымыз көп жылдар бойы қалтқысыз қызмет еткен ұжымының қамқорлығына бөленді. Атап өтсек, ардагер ұстазға деген риясыз құрмет алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

      

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 258 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 05.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Сәтбаев қаласының 45 жылдығына арналған "Қ.И. Сәтбаев-Тұлға. Патриот. Ғалым" атты халықаралық симпозиумның  аясында келген қонақтар Қ.И.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейінің жетекшісі, өлкетанушы К.Б.Балкенов, Жезқазған тарихи-археологиялық музейі "Тарих және археология" бөлімінің басшысы Ғ.Ж.Әуезов, Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, т.ғ.к., доцент Ж.Ә.Жұмабеков, ҚР Ұлттық музейінің ғылыми хатшысы, т.ғ.к., З.Қ.Сұрағанова 5 қыркүйек күні мектебіміздегі Қ.И.Сәтбаев атындағы мұражайға саяхат жасады. Келген қонақтарға мұражайдың тарихымен, ондағы экспонаттар, минералды тастар жайлы және Қ.И.Сәтбаев өмірбаянына шолу жасалынды. Мұражайдағы Қ.И.Сәтбаевқа арналған ғылыми еңбектерге назар аударылды. Мұражайды таныстырушы мектебіміздің бірінші санатты орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі М.Т. Мухтарова.

 

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 191 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 05.09.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

1 2 3 »
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Қазан 2020  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Copyright MyCorp © 2020
Используются технологии uCoz