Жм, 19.04.2024, 07:03
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2017 » Мамыр » 11 » «Достық мекені- Қазақстан» ұлттық билер сайысы
10:41
«Достық мекені- Қазақстан» ұлттық билер сайысы

Мектебімізде бастауыш 2-5 сынып арасында «Достық мекені- Қазақстан» ұлттық билер сайысы өтті.Бұл сайыстың мақсаты: Еліміздегі тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін, би өнерін,бидегі өзіндік қимыл әрекеттерін бейнеулеу және көрсету дағдыларын қалыптастыруға арналған.Іс-шара 7 сынып оқушыларының «Қазақ биі» биімен ашылды.
Сахна төріне 2 сынып оқушысы Жұмағалиева Жасмина «Үнді биімен» шықты.Ол сахнада үнді қыздары секілді мың бұралып, олардың әр биінің қимылы қозғалысында бір тақырыпты ашатынын жақсы көрсетті.
Бұдан соң 3 сынып оқушысы Семенбай Алуа «Тәжік биін» сахналады.Әр ұлттың өзіндік ерекшелігін оқушылардың би ырғақтары көрсету кезінде байқалды .Сондай-ақ 3 сынып оқушысы Қази Айтолқын өзінің қазақи болмысын елге, жерге деген құрметін қазақтың ұлттық «Қамажай» биі арқылы көрсетті.
Сахнаға шыққан 4 сынып оқушылары грузиннің «Кака-бэдзе» биін биледі.Бұл биде халықтың мұң мүддесін, табиғатқа деген жанашырлығын, жасыл желекті қорғау туралы би қимылымен берді.Таңдау себебі жас ерекшелігіне сай болғандықтан.
4-сынып оқушысы Қолан Аружанда сахнаға цыган халқының биін көрсетті. Цыгандардың табормен де, таборсыз да жеретіндіктерін би ырғақтарынан танытты.
5-сынып оқушылары да қалыспай көршілес жатқан тау халықтарының да билерінен көрініс көрсетті. Әр бидің музыкасы мен ырғағы әртүрлі болғанымен, мақсаты біреу екені анықталды. Әр бидің мақсаты татулық, бірлік, ізгілік және ынтымақтастық екені байқалды. Сондықтан мың бұрала билеген бишілеріміз бидің әр қырын көрсете отырып, бидің сырына да үңілдіре алды. Мектебімізде биші қыздарымыздың арқасында Қазақстан халқы көпұлтты халықпен өмір сүре отырып, олардың да мәдениетімен жақсы таныс екендерін би билеу дәстүрлері арқылы да танытты.Сайысқа қатысқан бишілер номинациялармен марапатталды.

Категория: Қалалық іс шаралар | Просмотров: 659 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Мамыр 2017  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz