Бс, 25.04.2024, 23:59
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2017 » Сәуір » 5 » Кәсіби бағдар беру
17:13
Кәсіби бағдар беру

Мектебіміздің 9-сынып оқушылары кәсіби бағдар бойынша, Сәтбаев қаласының өнеркәсіптік бағытындағы колледжіне қалалық білім бөлімінің көктемгі каникул кезінде арнайы жоспарлаған іс-шарасы бойынша аталмыш оқу орнына барды.Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.Сол себепті қаламыздағы СИК-Сәтбаев индустриалды колледжіне мектебіміздің 9-сынып оқушылары темір жонушы (токарь), темір ұстасы (слесарь)және аспазшы мамандықтарын дайындайтын ұстаздармен пікір алмасып,сондай-ақ зертханалық жұмыстардың куәсі болып қайтты. Өздерінің қандай мамандыққа қабілеттері мен икемділіктері барын да байқады. Болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын анықтауға бағыт-бағдар беру – бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселердің бірі. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «… әр оқушының білімі мен қабілеті деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек» деп көрсетілген. Сондықтан мамандық таңдауда қабілеттілік есепке алынады.

Категория: Қалалық іс шаралар | Просмотров: 402 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Сәуір 2017  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz