Сб, 20.04.2024, 07:50
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2018 » Қыркүйек » 14 » «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол»
14:37
«ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол»

Қыркүйек айының 8-9 күндері сағ 10: 00-де мектебіміздің 1,10,11 сынып оқушыларының  ата-аналарына арналған «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты коннференция өткізілді. Конференцияға қатысушы ата-аналар тіркеуден өтіп, ата-аналарға жадынама мен сауалнамалар таратылды. Конференцияны мектеп директоры Г.Г.Жунусова және мектеп психологы  Р.С.Алиева жүргізді.

Конференцияда мынадай аса маңызды мәселелер қаралды:

1. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет.

2. Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу.

3. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу. Мектепке діни атрибутика киюге тыйым салу, алдын алу шарасы ретінде. Баланы бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – әрбір ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.

4. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.

5. Балаға мектепте оқуға бейімделуге тиімді көмек шаралары: үш «Б» заңы: Бейімдеу, Бедел, Белсенділік.

6. Нейро-психофизиологтардың болашақ бірінші сынып оқушылары – ұлдар мен қыздардың ата-аналарына арналған ұсынымдары.

7. Баланың өзін-өзі бағалауын арттыру.

8. Ойын, жағымды мотивация жасаудың үздік тәсілі ретінде.

«Отбасы мен отбасылық құндылықтарды қолдау жөніндегі Қазақстан ата-аналар қауымдастығының» оқушылардың ата-аналарына бейнеролик көрсетілді. Конференция соңында ата-аналар тарапынан оң пікірлер мен жақсы тілектер айтылды.

 

Категория: Мектептегі іс шаралар | Просмотров: 421 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Қыркүйек 2018  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz