Сб, 27.04.2024, 01:53
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2016 » Қыркүйек » 15 » Конференция
12:06
Конференция

ҚР Білім және ғылым министрі

Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының

Республикалық ата-аналар конференциясының қатысушыларына құттықтау сөзі

Құрметті мектеп басшылары, ұстаздар, психолог мамандар мен бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!

Қазақстандық мектептерде оқитын жаңа буынның ата-аналарымен сәлемдесуге рұқсат етіңіздер.

Биылғы жылы біздің елімізде Астана және Алматы қалалары мен облыстарда 7 мыңнан астап мектепке 360 мың бала алғаш мектеп табалдырығын аттады.

Бірінші сынып оқушылары үшін өмірдің ең маңызды жаңа - мектепте білім алу кезеңі басталады. Қоғамымыздың болашағы бұл кезеңнің қаншалықты сапалы болғанына байланысты. Он екі жыл көзді ашып жұмғанша өтеді кетед: 2028 жылы  бұл балалар үлкен өмірге аяқ басып 21 ғасырда Қазақстанның іргесін берік әрі гүлденген мемлекет ету үшін еңбек етуді бастайды. Қазақстан Республикасынң Президенті, Ұлт Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде өскелең қазақстандықтардың позитивті жасампаз дүниетанымға, жауапкершілік сезіміне, мықты адами қасиетке ие, саналы таңдау жасап, дербес шешім қабылдай алатын,  Отанның игілігін ойлайтын жан-жақты тұлға ретінде тәрбиеленген азаматтар болуы қажет деп бірнеше рет атап айтқан болатын.  

Бұл міндеттің ойдағыдай шешімі табылуы үшін мектеп пен отбасы арасындағы өзара сыйластық пен сенімнің негізінде жемісті тығыз ынтымақтастық болуы керек. Ата-ана мен ұстаз және оқушылармен жұмыс істейтін мектеп психологы мен басқа да мамандар арасында нақты келісім болуы керек. Мектеп пен отбасының балаға қойған талаптары моральды- адами құндылықтардың біріңғай жүйесін ұсына отырып бір біріне қарама-қайшы келмеуі керек.

Құрметті конференцияға қатысушылар! Сіздерді Қазақстанның отбасы күнімен құттықтаймын! Біздің бүгінгі кездесуіміз ата-ана мен мектептің тығыз өзара қарым-қатынасқа дайын екендігін сезінуге септігі тиеді деген сенімдемін.   Қатысып отырған әрқайсыңызда мектеппен ынтымақтастықтың маңыздылығын түсініп, мектептің жұмыстарына белсенді қатысуға ықылас пайда болады деген үміттемін. 

 Сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін!

Конференцияны өткізетін  психолог Алиева Рита Советовна:   

   Армысыздар Құрметті ата-аналар!!!

Бірінші қыркүйек күні балаңыз бірінші сыныпқа барды. Сіздердің әрқайсыңыз бақытты ата-ана болғыңыз келеді, яғни өз балаңызбен мақтанғыңыз келеді. Және біз бәріміз мектепке дайындық кезеңі мен  оқудағы алғашқы айлар қиын кезең екенін жақсы білеміз. Бала үшін бірінші сынып  бұл расында да үлкен өзгерістер уақыты. Мектеп өміріне бейімделу кезеңін әр бала басынан өткереді. Көптеген пайда болған қиындықтар уақыт өте жоғалады.   

      Бастауыш білім беру бұл – ересектер әлеміне, саналы өмірге бастау , және баланың кім және қандай болып өсетіні оның жетістіктеріне байланысты.

Ата-аналарға бейімделу мерзімі бірнеше айға созылып кетуіне дайын болуы керек. Балаға көмек керек және бірінші кезекте ол өзіне ең жақын ата-анасының қолдауына мұқтаж.  И сол себепті де ересектерге бар күш-жігерімен баласына қолдау көрсетуге талпынуы керек

Мектептердепәндерді 3 тілде оқытудың артықшылығы (үш тілділік)

  1. Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесін енгізу мен қазақ тілінің мәртебесін нығайту, елімізді мекендеген барлық ұлттары мен ұлыстары өкілдерінің рухани ауызбіршілігінің, өзара түсіністігі мен өзара сыйластығының  бірыңғай аясын жасауға мүмкіндік береді. Қазақ халқы  әрдайым ықпалдастырушы болған;  ол болашақта да Қазақстан қоғамын шоғырландырушы негіз болып қалуы тиіс. Әр қазақстандықтың қазақ тілін білуі, мемлекеттіліктің негізін нығайтады, тарихи қалыптасқан көп этникалылық пен көп конфессиялылықты ескеріп, көпұлтты келісімнің қалыптасуына жаңа серпін береді.
  2.  Орыс тілін білу – Қазақстан халқын шоғырландыратын негізгі маңызды фактор. Орыс тілі – екінші орында: бұл – Қазақстанды мекендеген орыс халқы (шамамен елдің барлық тұрғынының  24%) үшін, сондай-ақ Қазақстандағы  көптеген еуропа халықтары үшін де туған тілдері болып саналады.

3. 21 ғасырдағы өмір шындығы осындай (ағылшын тілі әлемде ең көп таралған тіл), кез-келген кәсіби жетістікке, өзін-өзі кемелдендіруге және танытуға  талпынған  адам үшін, қызметтің көптеген салаларында - ІТ технологияларда,  құрал – және автокөлік жасауда, биомедицинада, кибернетикада және басқаларында жаңа деректерге қол жеткізудің қажетті шарты - ағылшын тілін меңгеру болып отыр. Ағылшын тілін білу мамандықта да, өмірде де жолыңды ашады, өзің үшін түрлі мәдени жаңалықтарды ашып, ой-өрісіңді кеңейте отырып, жағымды және ұмытылмас әсерлі саяхаттар жасауға болады.

 Тәрбиелеу  процесіндегі  көптеген қарапайым емес сұрақтарға Астана қаласынан Отбасылық Тәрбилеу Институтының екі тілде шығарылған «Отбасылық тәрбие: қалай жақсы ата-ана болу » кітабынан жауап таба аласыз   

  1. Өзіңіздің педагогикалық мәдениетіңізді өздігіңізден баға беруге;
  2. Жақсы ана мен әке қандай білімді, дағдыларды үйрену керектігін түсінуге;
  3. Балаға деген талаптарды қалай дұрыс тұжырымдау керектігін білуге;
  4. Қайшылықтарды позитивті реттеп, нәтижесінде бәрі жеңіске жететіндей етуді үйренуге
  5. Бауырлар мен апалы-сіңлілернді бәсекелестіктен қорғауды үйренуге
  6. Балалармен әсерлі қарымқатынастың тәртібін; баланы қалай дұрыс мақтау керектігін түсініп, жазалау қандай болатынын меңгеруге мүмкіндік беретін, Кітапта керекті материалдар ұсынылған.

Жақсы ата-ана міндетті түрде өзінің педагогикалық білімін арттыруға адамның қасиетті құқығының бірі  әлемде туындаған дұрыс тәрбиеге құқықты сыйлағандығы үшін  тырмысып бағады.

Ескерпелерді тарату (10 минут, музыка қосулы тұрады)

Ескертпелерді таратқаннан кейін психолог жалғастырады.

Мен сіздердің барлықтарыңызға зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Бүгінгі конференциядан алған ақпараттарыңыз бен ескертпе сіздерге және балаларыңызға көмегі тиеді деген үміттемін!

Құрметті ата-аналар!  Біздің конференциямыз өз мәресіне жетті. Бірақ отбасылық Тәрбиелеу Институты сіздермен қоштаспайды,  сіздерге берілген ескерт пелерді мұқият оқып, ондағы life.kz.  сайтында әрі қарай баланыста болуға  шақырады.  Сайтта сіздерге бірінші сынып оқушыларыныцң ата-аналарын оқыту бойынша бағдарлама ұсынылған.  Бұл бағдарламада оқу барысында сіз «Менің балам мені естімейді және менің өтініштерімді елемейді». «Менің балам қорқады». «Менің балам қулық істейді». «Менің балам өзімшіл». «Менің балам әдепсіздік жасайды және ерегіседі.» сияқты сұрақтар туындағанда не істеу керектігін біле аласыз. Сіздің балаңыз ынтасыз,  елгезек болса, жанжал шығарғыш, долы мінезін көрсетіп дау-дамай шығарса не істеу керек. Мұндай теріс қылықтарды тоқтаусыз жалғастыра беруге болады.  Осы және басқа да сұрақтарға жауап алу үшін міндетті түрде оқу керек.  Сонда ғана Сіз өзіңізді толғандырған сұрақтарға толықтай жауап ала аласыз. 

    Сіздер туралы «Қандай керемет отбасы» деп айтқанын қалаймын достар!

    Құрметті ата-аналар! Сіздерге және бірінші сынып оқушысына сәттілік тілейміз !

Осымен бүгінгі жиналыcымыз жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Музыка қойылады. Ата-аналар орындарынан тұрып қошемет көрсетеді!!!

Категория: Қалалық іс шаралар | Просмотров: 479 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Қыркүйек 2016  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz