Сб, 27.04.2024, 03:11
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2017 » Мамыр » 27 » «Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау» cалтанатты жиыны
12:26
«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау» cалтанатты жиыны

Айтулы оқиғалар белесінде үлкен өмірге алтын ұя мектебінің табалдырығынан ұшқалы отырған 31 түлекке «Сәт сапар!» тілеп, салатанатты жиын ұйымдастырылды. Киелі орда жиырма жетінші мектептің 47-ші түлектеріне арналған «Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты жиынның алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Қиянова Зәмзагүл Ертайқызына берілді, одан кейін жиынға келген қонақтар Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Төлеш Қанат Жанділдәұлы және білім бөлімінің әдіскері Дүйсен Лаура Боранбайқызы ыстық ықыласы мен жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, 2001 жылы мектептен түлеп ұшқан бір топ түлектер сөз алды. Сынып жетекшісі Омарова Анар Бейсенқызына және 11 жыл бойы білім нәрін сусындатқан, тағылымды тәрбие берген ұстаздар қауымына сағыныштарын жеткізіп, алғысын шоқ гүлдерімен білдіруді жөн көрді. Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары Сермағанбетова Жанна Керімбекқызы мен Айтқалиева Тәттігүл мұғалімдерге сөз берілді. Жас түлектерге құттықтау одан әрі ата-аналар тарапынан да жалғасын тапты. Екі сыныптың ата-аналары атынан Түсіпназарова Бақытгүл Таханқызы мен Бисариева Анар Төлеуқызына бұйырды. Ақ жаулықты апа Асылханның әжесі күмістен шашу шашып, оқушылардың алдағы өміріне жарқын болашақ тіледі. 11 «А» сыныбының жетекшісі Ибраева Есенкүл Әлиакпарқызы мен 11 «Ә» сыныбының жетекшісі Баймуханова Жансая Мұратбекқызы да оқушыларына сәттілік пен ақ жол тілеп, әр оқушыға естелікке номинация берді. Мектеп табалдырығын бір жыл бұрын аттаған 1 сыныптың бүлдіршіндері де ағалары мен апаларына ақ жол тілеп, жарлық айтты. Түлектер атынан сөз алған Нұрмағанбетова Айжан, Прлепесов Арыстан, Әузеов Диас пен Асанова Диана сүйкімді бүлдіршіндердің жарлықтарына жауап ретінде лебіздерін білдіріп, естелікке ертегілер жинақтарын табыс етті. Жас түлектер білім мен тәрбие берген ұстаздарына, мектеп әкімшілігіне, ата-аналарына лебіздерін жыр шумақтарымен білдіріп, қимастық достары мен ұстаздарына, алтын ұя мектептеріне арнап попурри шырқап, көздеріне жас алды. Аяулы ұстаздарына отты жүректен шыққан алғыстарымен қоса қоңырау іспеттес естеліктерін сыйға тартты. Соңғы қоңырудың жан толқытар сәтінде Қази Оразхан мен 1 сыныптың үздік оқушылары Марат Тасним мен Қадірсізқызы Кәусар сыңғырлата қоңырау қағып, түлектерді орнынан тұрғызды. Түлектер флешмоб пен «Енді соғылмайды бізге қоңырау» әнінің аясында мектеп вальсін қимастықпен билеп, естелікке қонақтармен, ұстаздармен, ата-аналарымен суретке түсіп, есімдері жазылған шарды мектеп ауласына шығып, тілектерін іштей білдіріп ұшырды.

Категория: Қалалық іс шаралар | Просмотров: 544 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Мамыр 2017  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz