Сб, 20.04.2024, 10:27
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2017 » Наурыз » 27 » «Ұлыстың ұлы» күні наурыз мерекесі
13:05
«Ұлыстың ұлы» күні наурыз мерекесі

Наурыз мерекесі қазақ халқы үшін атаулы мерекелердің бірі.Бұл күнді қазақ халқы ерекше күтеді.Себебі, бұл күн мен түннің теңелген, самарханның көктасы жібіген, жуанның жіңішкеріп,қысқаның ұзарған шағы, мал аузының көкке тиіп, халықтың аққа аузы жеткен күн.Осы айтулы мерекеде №27 мектепте өзіндік тартуымен келді.Әкімшілік ғимаратының алдындағы үлкен алаңға сегіз қанатты қазақтың ою өрнегімен нақышталған киіз үйі құрылды.Сыртқы бейнесі көз тартарлық, қазақтың қошқар мүйізді оюларымен өрнектелсе, іші ұлттық болымысымызды көрсететін қазақи түлкі, қасқыр, шоқпар, асатаяқ, ыдысқап, сандық, оның үстінде жиналған оюлы көрпелер,қыз бен жігіттің ұлттық киім үлгілері, қамшы, домбыра, түйе керуен суреттері матаға ойылып жасаған, есік босағасында бойтұмар, ал стол үстінде қазы, қарта,шұжық, жал-жая,бауырсақ,құрт,ірімшік, сүзбе,қаймақ,балқаймақ,жент,ежгей сияқты ұлттық тағамдардан қала әкімшілігі, білім бөлімі және қала тұрғындары қазақтың кең дастарқанынан дәм татты. Бұл күні сары домалақ бауырсақтарымызды үлкен-үлкен апаларымыз есік алдына қазандық қойып пісіріп жатса, қыстан қиыннан шыққан халқымыз бір-бірімен қауышып,бір-бірімен төс қағысып, ұлттық киімдерді киіп алған қыздарымыз қала тұрғындарына « көже» таратумен болды. Музыка пәнінің мұғалімі А.Сейтбеков киіз үй маңында наурызға арналған әндерден концерттік бағдарлама ұйымдастырып, халыққа әдемі әсерлі наурыз әндерінен шашу шашты. «Ұлыстың ұлы» күні наурыз мерекесіне арналған іс-шараға мектеп мұғалімдері мен оқушыларынан 75 ге тарта адам қатысып, наурыз мерекесінің берекесін кіргізді.Киіз үй -2017 жарысы ұйымдастырылып, нәтижесінде білім бөлімі бойынша ІІ орынды иемденді.

Категория: Қалалық іс шаралар | Просмотров: 384 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Наурыз 2017  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz