Жм, 29.03.2024, 16:56
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2017 » Желтоқсан » 20 » ҚР Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 жарлығына сәйкес латын әліпбиін насихаттау бойынша өткізілген жұмыстар туралы мәлімет
10:41
ҚР Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 жарлығына сәйкес латын әліпбиін насихаттау бойынша өткізілген жұмыстар туралы мәлімет

     10 қараша тәлімгер М.Абдильманованың ұйымдастыруымен «Ойлан тап» атты «Жас Ұлан» мүшелерімен интеллектуалды ойын өтті. Ойында оқушыларды қызықтыратын әртүрлі тапсырмалар беріліп, латын әліпбиінде еркін тақырыпта шағын эссе жазылды. «Жас ұлан» мүшелері латын әліпбине көшудің тиімді жолдарына тоқталып, өзіндік пікірлерін айтып, сайысты қызықты өткізді.

Интеллектуалды ойынның өту барысы

    

     13-16 қараша аралығында латын әліпбиін насихаттау мақсатында 1-4 сыныптар арасында еркін тақырыпта суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Сурет көрмесінің мақсаты: латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұматпен танысу. Көрмеге оқушылар «Күз», «Отбасы», «Мектеп», «Отан туралы», «Табиғат аясында», «Сүйікті қалам Сәтбаев», «ЭКСПО», «Астана-бас қалам», «Біздің ауыл» т.б. тақырыптарында суреттер салды.Салған суреттерінің тақырыптарын латын тілінде жазды.

2-ші қабаттағы сурет көрмесі

        15 қараша күні  «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Т. Жақсылықова мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі К.Серикованың  ұйымдастыруымен тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағаттарының мақсаты: латын әліпбиіне көшудің мағыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоқамдық пікір қалыптастыру.Тәрбие сағаттарында латын әліпбиіне қатысты өзекті мәселелер қозғалды. Т. Жақсылықова ұйымдастырған тәрбие сағаты 3 бөлімнен тұрды. Кіріспе бөлімде, оқушыларға бейнежазба көрсетіліп,«жаңалықтар айдарына» мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Г.Мауленова латын әліпбиіне көшудің себептері жайлы оқушыларға толық мағлұмат берді. Негізгі бөлімде «Еркін микрофон» айдарында латын әліпбиіне көшудің себептері неде? деген сұрақ қойылып, өз ойларын ортаға салды. Қорытынды бөлімде , оқушылар латын әріпінде бірнеше сөздер жазып, «айналмалы әткеншек» әдісі бойынша жазған сөздерін топтармен алмастырып дұрыс-бұрыстығын өзара тексерді.

К.Серикова 8 «Ә» сыныбымен ұйымдастырған тәрбие сағаты пікірталас түрінде өтті. Сыныпта оқушылар 3 топқа бөлініп, бейнебаян көрсетілді.

1. Латын әліпбине көшудің тиімді де пайдалы тұстары

2. Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады?

Іс-шара барысында оқушыларға сұрақтар қойылып, латын графикасы негізінде қазақ әліпбиінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік беретін қажеттіліктер туралы өз пікірлерін ортаға салды.

         Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру.  Бүгінгі таңда кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал қалған мемлекеттердің көбі латын әліпбиін қолданады. Демек, бұл кең таралған жазу, яғни, болашағы зор. Латын тілі елімізге саяси жағынан да, ғылым – білім тұрғысынан да, заман талабына сай даму үшін де өте маңызды. Осы шешім  -  мемлекетіміздің әлемнің неғұрлым дамыған елдерінің «отыздығына»  енуіне бағытталған десек те қателеспеспіз. Латын әліпбиіне көшу -  заман талабы.Сондықтан Елбасының шешімін қолдап, оның ары қарай жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет.

 

Категория: Мектептегі іс шаралар | Просмотров: 471 | Добавил: asikon26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2017  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz