Жм, 26.04.2024, 15:37
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2018 » Ақпан » 19

«Қаржылық сауаттылық» күні

2018 жылдың 16 ақпаны күні «Экономика барлығы үшін» жобасы аясында  «Қаржылық сауаттылық» күні өтті. Барлық сыныптар тақырыптық сынып сағаттары мен экономикалық ойындар өткізіп, видеофильмдер көрсетілді.

«Қаржылық сауаттылық» күнін өткізудің мақсаты:

  1. Оқушылардың бойында қаржы туралы жалпы түсінік қалыптастыру;
  2. Жеке қаржыны тиімді басқарудың дағдылары мен қаржы мәдениетін қалыптастыру;
  3. Оқушыларға ақшаны дұрыс ұстауға, ақша ұстау үшін қажетті білім алуға, қаржылық жоспарлауды, отбасы бюджетін қалыптастыруға және жоспарлауға үйрету.

Бекітілген жоспар бойынша І, ІІ ауысымда 1 сабақтан соң саптық жиын  өткізілді.

       

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 698 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 19.02.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

2018 жылдың 16 ақпаны күні мектебімізде Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы  толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Кездесу кеші 2 бөлімнен тұрды. 1 бөлімінде оқушылар КСРО әскерлері Ауғаннан шығарылуын 29 жыл толуына орай «Алау», «Ұлан» әскери – патриоттық сапта жүріп ән айту сайысы өтті. 2 бөлімінде КСРО әскерлері Ауған  жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына ұйымдастырылған кеш барысын ауған соғысы ардагері Әлібаев Берік Арыстанбайұлы өз естеліктерімен бөлісіп, жастарды бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды.

      

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 492 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 19.02.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

«Рухани жаңғыру»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «№27 жалпы орта білім  беретін мектебі» КММ  бастауыш сынып оқушылары  мектебіміздегі Қ.И.Сатбаев атындағы мұражайға саяхат жасады. Мұражайды аралау барысында оқушылар көптеген тың мәліметтермен танысты. Таныстыру барысында мұғалімдер оқушыларға қызықты мәліметтер туралы сыр шертіп, оқушыларды қызықтыра түсті. Оқушылар мұражайды аралау сәтінде үлкен ұлы сезімге, патриоттық рухқа бөленіп шықты.  Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып,ой бөлісті. Оқушылар үшін осы мұражай тәрбиенің қайнар көзіне айналмақ!

     

 

Дәрежесі: Мектептегі іс шаралар | Оқылған саны: 347 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 19.02.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Ақпан 2018  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz