Бс, 25.04.2024, 17:22
Қош келдіңіз! Гость | RSS

Сәтбаев қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ

Сайттың мәзірі
Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Главная » 2018 » Ақпан » 24

«Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру»

Ақпан айының 23 жұлдызында Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» оқушылары Жезқазған тарихи-өлкетану мұражайы мен Жезқазған қаласының «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы Қаныш Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік мұражайына саяхатқа шықты. Ең алғашқы қадам Қаныш Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік мұражайынан басталды. Ұлы тұлғаның есімі берілген мұражайға саяхат жасалды. Мұражай қызметкерлері оқушыларға ғалымның өмірбаянын толығымен айтып берді. Сондай-ақ мұражай ішіндегі тарихи жәдігерлерге тоқталып, толық мағлұмат беріп өтті. Саяхат барысында оқушыларға мұражайдағы экспонаттар туралы түсінік берілді. Танысу барысында мұражай қызметкерлері қызықты мәліметтер туралы сыр шертті. Оқушылар мұражай аралау сәтінде үлкен ұлы сезім, патриоттық рухта бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін , терең ой түйгендерін  бір-біріне айтып, ой бөлісті. Алдағы уақытта Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға өздерінің үлесін қосады деп сендіреміз.

   

     

Дәрежесі: Қалалық іс шаралар | Оқылған саны: 386 | Қосқан: asikon26 | Уақыты: 24.02.2018 | Түсіндірмелер саны (0)

Сайтқа кіру
Іздеу
Күнтізбе
«  Ақпан 2018  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCoz